«Менің биім әдемілік әлемім»

Қос өнерді құрықтаған Өмірзақ Оспанов шығармашылық шеберлігімен бөлісті. Ол: «Би – біліктілікті әрі ептілікті қажет етеді. Жүрекке жақын жанрда билеу – таза өнеріңді көрсетеді. Жүрегі таза адамнан тамаша туынды шығады», – деп, сұлулық әлемінің сырымен бөлісті.
Марапат мінберінде оннан озған дүлділдер биікке көтерілді. Сонымен,бишілер сайысында I-орын қос бірдей ансамбльге бұйырды. Төл өнерде тең түскен Бесарық балалар өнер мектебінің " Мереке" думан би тобы мен Арман мәдениет үйінің "Шашу" би тобы иеленді. Олардың ізінен Астанадағы үлкен сахнада өнер көрсетіп жүрген №239 мектебі "Құндызай" би тобы мен "Әлшекей" өнер мектебінің "Еркеназ" би тобы екінші орынға лайық саналды. Сондай-ақ, үшінші орынды Түгіскен өнер мектебінің "Қарақат" би тобы қанағат тұтты.