№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бишілер бағындырған белес

Бишілер бағындырған белес


Қазақ өнерге бай халық десек, өнер әлеміндегі би саласы, оның ішінде, ұлттық би жаңа биікке көтеріліп келеді. Оның дәлелі, өңір-өңірлерде түрлі деңгейдегі би байқаулары көптеп өте бастады. Солардың ішінде – Халықаралық «Ақ көгершін» фестиваль-байқауының бәсі биік. ТМД үздік шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары қатысатын өнерпаздар додасында биыл Бесарық балалар өнер мектебі табысты өнер көрсетті.
Атап айтқанда, Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей және елдің түкпір-түкпірінен келген 1500 астам өнерлі жасөспірімдер арасында «Хореография» номинация бойынша «Құндызай» би тобы екінші дәрежелі дипломмен марапатталса, Индира Құрбанова «Үздік ұстаз» номинациясына лайықты танылды. Ал, «Вокал» аталымы бойынша қатысқан Илияс Ерғараев үшінші орын алды.
– Қазақ қандай биге болса да қабілетті. Би өнерінде әлем халқын мойындатарлық қауқары бар. Мұны Шара Жиенқұлова дәлелдесе, біздің қыздар да би өнерінен өздерінің еншілерін ала бастады, – дейді өнер мектебінің басшысы Алмагүл Мақсұтова.
Классик жазушы Мұхтар Әуезов: «Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн» дегенін басшылыққа алған өнер ұжымы қазақ би өнерінің дамуына теңіздің тамшысындай болсын үлес қосуда.
– Би – адамның қоршаған ортаға деген сезімінен туындаған әр түрлі қимыл-әрекеттер. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып берілетін өнер. Ұлттық биіміздің даму тарихы тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрімізбен тіке байланысты. Қазір би өнері жаңғырып, түрленіп, даму жолына түсті. Осындай асыл өнерге ауыл жастарының қызығушылығы жоғары, – дейді би үйірмесінің жетекшісі Индира Құрбанова.
Қазақ халқының би өнері өзіне ғана тән ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Өйткені, ол ұлттық музыка және ұлттық поэзия жанрларымен біте қайнасып ұзақ тарихты басынан өткеріп келеді. Біздің биіміз күй, әннің сазына қосылғанда ғана өзіне үйлесімді әсемдікке ие болады. Осы билерді қазақы ою-өрнектермен безендірілген ұлттық киімдермен билегенде қимылдарының сипаты күшейіп, ұлттық бояуы анық айшықтала түседі. Міне, осындай асыл өнерді бесарықтық қыздар меңгеріп, түрлі байқауларда олжа ала бастады.
Бесарық өнер мектебінде ауыл жастары 8 жылдан бері биге машықтанып жүрсе, Жадыра Орынбасар, Аяулым Манап, Аружан Қыдырбай және Жансая Мұхитқызынан құрылған «Құндызай» би тобына үш жыл болыпты. Мектепте 7-8-9 сыныпта оқитын қыздар би өнерін терең меңгеріп, байқауларда жарқылдай жанатын уақыты әлі алда. Тек оларды қолдау, демеу жағы кемшіл болмаса болғаны...

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
07 сәуір 2018 ж. 1 791 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 22:47
Propecia Colombia Cialis Over Seas Cialis Quante Volte viagra Order Plavix From India buy accutane in the us

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 22:41
Generic Propecia 5mg X Pills Amoxicillin Allopurino viagra Levitra 20mg Preis 12 Stuck Discount Propecia No Prescription