№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас жүлде "Қызғалдақ" би тобында

Бас жүлде "Қызғалдақ" би тобында


Жақында Алматы қаласындағы «BALBULAQ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен онлайн байқау өткізілді.


Онлайн сыннан іркілмей өткен аққорғандық биші қыздар «Би» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға жолдама алған болатын. Енді міне, қазан айының соңында «BALBULAQ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Өнерге қанат қаққандар» атты республикалық байқауы Алматы төрінде өрбіді. «Түгіскен» өнер мектебінің биші өнерпаздары қатарында Жанар Баймахан, Мөлдір Абуталипова, Қасиет Ишанбек, Қарақат Құралбай, Азеля Тойлыбай, Гүлназ Айболат бар. Би үйірмесінің жетекшісі Айнұр Қыдырованың айтуынша, жалпы байқауға Маңғыстау, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Алматы облысы бойынша 300-ге жуық бала бақ сынаған.
– Шыны керек, біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, бұл байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен кіл мықтылар қатысты. Бір ғана, хореография номинациясы бойынша 35 жұп өнерлерін ортаға салды. Шүкір, еңбек еш кетпеді. Аудан абыройын асқақтатқан аққорғандық биші балалар байқаудың І-орын жүлдесіне ие болды. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен «Түгіскен» өнер мектебінің директоры Құлахмет Нәлтаевқа және оқушыларымның ата-аналарына айтар алғысым зор», – дейді би үйірмесінің жетекшісі Айнұр Қыдырова.
Айта кету керек, сазгер, күйші Құлахмет Нәлтаев басшылық ететін «Түгіскен» өнер мектебінің шәкірттері бұған дейін де талай дүбірлі додаларда оза шауып, олжамен оралып жүр.
– Ұлт мәдениетінің өзегі саналатын өнер мектебі қашанда қабілетті ауыл баласының талантын шыңдауда талмай қызмет етеді. Әрі бұқара халықтың мәдени-рухани шараларының бел ортасынан табылып, бар өнерін паш етуден жалыққан емес. Қашанда мектеп оқушылары мен ауыл жастарының талантын шыңдап отырған киелі мекен. Үйірмелер тұрақты жұмыс істеп тұр. Баланың бабын білетін үйірме жетекшілері жеткіншек бойындағы жылт еткен ынтаны дамытуда, – дейді «Түгіскен» өнер мектебінің директоры Құлахмет Нәлтаев.
Алдағы уақытта «Қызғалдақ» би тобы бұдан да биік белестерді бағындыратынына бек сенімді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
06 қараша 2019 ж. 841 0