№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнер табу – өрге шабу

Өнер табу – өрге шабу

«Үркер» шығармашылық өнер орталығы Абайдың 175 жылдығына арналған «Мәңгілік ел алыбы» атты республикалық рухани-патриоттық байқау өткізді. Қызылорда қаласында өткен байқауға хореография жанры бойынша «Әлшекей» өнер мектебінің «Еркеназ» би тобы қатысып, жүлдемен оралды.
«Үркер» шығармашылық ұйымының ұйытқы болуымен өткен өнер бәсекесіне елдің талантты өнерпаздары қатысып, өнерін ортаға салды. «Әлшекей» өнер мектебінің биші өнерпаздары қатарында Гүлшара Жанұзақ, Іңкәрімай Сатыбалды, Әнел Нүрпейіс, Адия Алиханова, Арина Файзулина, Аруназ Оспанова, Аруна Шаменова, Арайлым Орынбасарова, Дильназ Тұрсынбай және Салтанат Бейбіт есімді таланттар бар.
Би үйірмесінің жетекшісі Ажар Қабланованың айтуынша, жалпы байқауға Алматы, Шиелі, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қаласынан 400-ге жуық өнерпаз бақ сынаған.
– Байқауға елдің түкпір-түкпірінен кіл мықты ұжымдар қатысты. Хореография аталымы бойынша 30-дан аса ұжым өнер көрсетті. Жаңақорған ауданының атынан қатысқан «Әлшекей» өнер мектебінің биші қыздары «Ұлттық би» аталымы бойынша «Тарантелла» биін билеп, екінші орын алды. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен өнер мектебінің басшысына және ұжымына, ата-аналарға алғыс білдіремін, – дейді би үйірмесінің жетекшісі.
Байқаудың қорытындысы бойынша Ажар Айхынбекқызы «Үздік жетекші» атанды.
Оның бұған дейін де өнерлі шәкірттері талай өнер додасында табысты өнер көрсетіп, ауданның абыройын асырған еді. Атап айтсақ, «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен ІІІ республикалық «Дарабоз» байқауында бас жүлде, «Қазақстан таланттары» байқауында бірінші орын, Х халықаралық «Ғұмырдария» байқауында лауреат атанды.
Мектеп оқушылары мен жастардың талантын ұштап, сахнада өнерімен танылуына жағдай жасайтын өнер мектебінің толайым табысы көп. Осындайда «Өнер табу – өрге шабу», «Өнерлінің өрісі ұзақ» деген аталы сөздер еске түседі.
Лаура БИБАСАРОВА
15 наурыз 2020 ж. 1 107 0