№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық 30 адам жазылып шықты

Жаңақорғандық 30 адам жазылып шықты

  "Жаңақорған тынысы" Коронавирусты Қазақстан бойынша 5076 адам жұқтырса, оның 229-ы Қызылорда облысының тұрғыны. Оның ішінде 31 науқас жаңақорғандық. Карантин кезінде жергілікті билік пен полиция қызметі күш біріктіріп, сақтық шараларын бақылап, вирустың дендеп жайылып кетуін алдын алды. Ал медицина мамандары науқастарды емдеуге күш салды. Соның салдарынан коронавирусты жұқтырған 30 науқас жазылып шықты.

Бұл жағымды жаң
алықты бізбен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова бөлісті.
– Науқас тіркелген күннен бастап ауданда қауіпсіздік шаралары қолға алынып, вирус анықталған ошақта эпидемиолог мамандар залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы дер кезінде анықталып, карантиндик режимге жатқызылды. Дәрігерлер күндіз-түні ауруханада жатып, қызмет істеуде. Осының арқасында ауданда эпидемиялогиялық ахуал тұрақтанды. Бүгінде 30 науқас ауруынан жазылып, үйіне оралды. Енді олар 14 күнге дейін аймақтық дәрігер бақылауында болады. Одан бөлек, 9 адам карантиндік режимде дәрігерлер бақылауында, – деді Шынар Қожанқызы.
Індет ауылдық жерге тарамас үшін кент іші мен ауылдық округтерге блок-бекеттер қойылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб төрағасы, аудан әкімі Сұлтан Мақашов кентке кіріп-шығу, кешкі 21.00-ден кейін көлікпен жүру, базар мен ойын-сауық орталықтары, адам көп жиналатын обьектілер мен маршруттар қозғалысын тоқтату жөнінде шешім шығарды. 25 адамнан құралған арнайы әскери жасақ шақыртылып, олар бір апта бойы індет ошағын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Міне, осының барлығы Covid-19 пандемиясын жеңуде өзіндік рөл атқарды.
Хош, тақырып ауанына оралсақ. Жоғарыда айтылған 30 науқастың қатерлі дерттен жазылып шығуында ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі. Бұл жөнінде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Сейіловамен хабарласқанымызда:
– Қазіргі 1 науқас жатыр. Ол 30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан келген кент тұрғыны. 2 мамырда науқастан вирус анықталып, аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Қажетінше барлық емдік шаралары жүргізілуде. Осы ретте, үйіне қайтпай дертке шалдыққандарды айықтыру мақсатында жұмыс жасап жатқан медицина мамандарына алғыс айтамын, – деді ол.
  Сыр өңірінде коронавирусты 229 адам жұқтырды. Қызылорда қаласы – 92, Арал ауданы – 6, Қазалы ауданы – 3, Қармақшы ауданы – 5, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 66, Жаңақорған ауданында – 31 тіркелді. Оның 161-і жазылып шықты. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 5091 адам тіркелсе, оның 1941-і жазылып шыққандар болса, қайтыс болғандар саны 31 адамға жетті.
Демек вирусты толық жеңдік деген сөз емес. Тұрғындарға тоқмейілсуге болмайды. Кешегі күні маскамен жүріп, ара қашықтықты сақтап жүрген адамдар сақтық шараларын мейлінше сақтауды ұмытып кеткен сияқты.
Мұны аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Арыспаева да қуаттап отыр:
– 30 науқастың полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) эксперименталды әдіспен қанның және мұрын және жұтқыншақтың артқы қабырғасы жұғындысының анализі алынды. Қуанарлығы, олардың сауыққанына көзіміз жетті. Бірақ, аудан тұрғындары карантиндік режимдерді ұстануды ұмытпауы тиіс. Әсіресе эпидемиялогиялық ахуалы тұрақсыз облыстар мен елдерге баруға асықпағаны жөн, – деді.
Сақтанайық. Салғырттық өз денсаулығымызға ға­на емес, жақындарымызға да әсер ететінін ұмытпайық!

Лаура БИБАСАРОВА
13 мамыр 2020 ж. 680 0