№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина коронавирустан құтқара ма?

Вакцина коронавирустан құтқара ма?


Коронавирустың алдын алудың бір жолы – вакцинациялау. 2021 жылдың 5 наурызында ауданда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары басталып, 200 адамға індетке қарсы 2 рет вакцина салынды. Вакцинаның тиімділігі қандай? Осы жөнінде Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдаровадан сұрадық.


– Коронавирусқа қарсы егілгендер арасында жағымсыз әсер мен екпеден кейінгі асқыну жағдайы тіркелген жоқ. Алғашқы егумен ауданаралық аурухананың жұқпалы, қабылдау, фильтр, жедел жәрдем бөлімінің медицина қызметкерлері мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары алды. 2021 жылдың 10 сәуірде аудандық емханаға коронавирусқа қарсы 1000 доза вакцина облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жеткізіледі. 12 сәуірден бастап аудандық емханада коронавирусқа қарсы егу жұмысы жүрізілуде, – деп бастады сөзін маман.
– Тұрғындарды толғандыртын бір сұрақ – COVID-19 вакицнасы қаншалықты қауіпсіз?
– Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имита­циялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады. Біздің елде қолданылып жатқан Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын ресейлік «Спутник-V» вакцинациясы. Бұл – коронавирус­тық инфекцияның алдын алуға арналған әлемде тіркелген алғашқы вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығында жасалып шығарылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.
– Бірінші кезекте вакцинаны кімдер қабылдайды?
– Алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бірінші топ, жұқпалы аурулар ауруханасы­ның, жедел медициналық көмектің, реанимацияның, қабылдау бөлімінің, санэпидқызметтің қызмет­керлері. Екінші топ, мектеп, ЖОО, мектеп-интернат, мектепте дейінгі балалар мекемесінің педагогтері, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар.Үшінші топ, ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері, жергілікті атқарушы мекеме қызметкерлері
– Тұрғындар арасындағы көп қойылатын сұрақтың бірі – вакциналаудың алдында антиденелерге тест тапсыру керек пе?
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес КВИ-ге қарсы вакциналау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес. Бұл инфекциямен ауырған адамдарды КВИ-ге қарсы вакциналау аурудан жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң, антиденелерге скринингсіз денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізу ұсынылады. Қазіргі кезде дүние жүзінде қандағы антиденелердің «қорғаныш» деңгейін көрсететін бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Яғни клиникалық жағынан айқындалатын ауыру қаупі жоқ. Осыған байланысты, вакциналау алдында антиденелердің деңгейін анықтау арқылы ақпарат алуға болмайды.
– Тұрақты иммунитет қалыптасу үшін қаншалықты уақыт қажет?
– Вакциналаудан кейін ағзадағы бірінші иммундық жауап бірінші дозаны салғаннан кейін 12-14 күннен бастап қалыптасады, бірақ тұрақты иммунитет 32-45 күннен кейін, ең көп дегенде 56 күннен кейін қалыптасады. Сондықтан осы инкубациялық кезеңде барлық сақтық шараларын сақтаған жөн, яғни бетперде тағып, арақашықтықты сақтау маңызды.
– Ұжымдық иммунитет деген не?
– Ұжымдық иммунитет – халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакциналау деңгейіне жету. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60 пайызы ковидке қарсы екпені қабылдауы керек.
– Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қалай алуға болады?
– Вакцинация біздің ауданда орталық емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді. Дәрігер медициналық қарап-тексеруі – дене қызуын, қанқысымын, сатурация және т.б. өлшеуі тиіс. Екпеден кейін 30 минут дәрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз. Ескертетін жағдай, вакцина алғаннан кейін 3 күн ыстық-суыққа қарсы күтіну керек.
Коронавирус инфекциясын тұрақтандырудың ең тиімді жолы-вакцинация. Аудан тұрғындарын ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина алуға шақырамын!
– Сұхбатыңызға рақмет!

Лаура БИБАСАРОВА

13 сәуір 2021 ж. 785 0