Соңғы жаңалықтар

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Еркінсуге әлі ерте

Еркінсуге әлі ерте

Ауданда эпидемелогиялық ахуал тұрақтанып келеді. Иә аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде COVID-2019 вирусын жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты.
Жаңақорған ауданы бойынша 390 адам тіркелді. Олар алты провизорлық стационар орталығында ем алды. Ал ауыр науқастар Қызылорда қаласына жіберілген-ді. Қазір №1 провизорлық орталықта 4 адам бақылауда. Ал жұқпалы аурулар бөлімшесінде вирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты.
Расында соңғы төрт күнде жұқпалы аурулар бөлімшесіне коронавируспен науқас түскен жоқ. Медицина мамандары үйіне жіберілді. Олар 14 күн үй жағдайында бақылауда болады.
Карантин бір-екі күнде аяқталады, бірақ бұл індет тоқтады, қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Әлі еркінсуге ерте. Сақтық шараларын сақтау маңызды.

Зәуреш ТІЛЕПБАЕВА,
аудандық аурухананың бас
дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы
15 тамыз 2020 ж. 943 0