№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Маңызды міндет мәресіне жетуі тиіс

Маңызды міндет мәресіне жетуі тиіс

Ауданда ауыз су мәселесін толық мәресіне жеткізу мақсатында 15-20 жыл көлемінде нақты жұмыстар атқарылып келеді. Біз Жаңақорған кентінің ауызсу жағдайы жөнінде толығырақ білу мақсатында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаевқа жолыққан едік.Ол бізге төмендегіше түсіндірді:
– Аудан халқының 92 пайызы ауыз сумен қамтылып отыр деуге толық негіз бар. Тек бес елді мекен – Кеңес, Қосүйеңкі, Шалқия, Құттықожа, Кейден ауылы орталық су жүйесіне әлі қосылған жоқ. Жаңақорған кентіне тоқталсақ, тұрғындардың 34 пайызы ғана Жиделі топтық су құбырынан таза сумен қамтылған, қалғандары құдықтардан, ескі су желісінен амалдап келген. 2010 жылдан бастап «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал СЖКБД филиалы су құбырларын жаңарту жұмыстарымен айналысып келеді. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы қаржыға келіп тіреледі, – дейді.
Осы жерде атап өтуге тура келеді, Үкімет қазынасынан ірі көлемде қаржы бөлініп, төрт кезең жұмыс атқарылғаны аудан халқының көз алдында. Бірақ ортақ істің орайын табуы қаржыдан бөлек адамдық факторға тікелей тәуелді екеніне айқын көзімізді жеткізген мына жағдай ойға оралып отыр.
Кент ішінде ауызсу құбырларын тарту жұмысының үшінші кезеңінің аяқталған тұсы болу керек, мердігер жұмысын толық бітірді, бірақ қанағаттанарлық жұмыс жоқ. Алқалы топ бас қосқан жиында Нарымбетов көшесінің тұрғыны, ел ағасы мердігерге сұрақ қойды. Бұл жолғы мердігер әйел адам екен, ол өзіне қатысты жұмысты мінсіз және мезгілінде атқарып біткенін, бірақ суды бере алмай отырған себебін былай түсіндірді: Бұлар қойған жер асты трубаларының диагоналы 40 см болса, алдыңғы жылғы жұмыс тобы 60 см етіп жасапты. Енді екеуінің түйіскен жерінен су атқылап сыртқа шығып кетіп жатыр, қосу мүмкін емес.
– Сонда не істеу керек?
– Екеуін теңдестіру үшін был­тырғыны қайта жасауға тура келеді.
– Сосын су бола ма?
– Білмеймін, оған дейін су келмей жатқандықтан біздікі шіріп кетпесе, – деп қарап тұр.
Мердігер келер, кетер,осы жұмысқа барлық кезеңде бақылау жасап, бағыт беріп отыратын жергілікті жердің құзырлы орындарына сонша қаржы желге ұшып, ел оның игілігін көрмегендіктен реніш білдіруі бір бөлек қазынаның қаржысы мойында тұрар қасиетті аманат екендігін естен шығармаса мұндай жолсыздыққа жол берілмес еді.
– Бүгінгі жағдайға оралсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңақорған кенті тұрғын үйлеріне су құбырларын жеткізу сервистік желісін салу жобасына қаржы қаралып, былтырғы жылы кенттегі 198 көшенің 64 көщесіне құбырлар салынып бітті. Бірақ одан 14 көшеге ғана толық су кіріп ағып тұр. Өйткені қыс ауасында көп үйге есептегіш орнату мүмкіндігі келмей істі орта жолда тоқтатуға тура келді. Есептегіш салынса тағы 46-сы су беруге дайын. Бұл жұмыстарды міндетіне алған мердігер «Казқұрылыс» ЖШС басшысы Шынболат Ештаймен хаабарласқанымызда ол былай дейді:
– Биыл жұмысты кенттің орталық көшелерінен бастаймыз. Былтыр осы тұсқа келгенде жұмыс тоқтап қалды. Оның себебі қанша тырысқанымызбен үлгіре алмадық. Іс барысында заңсыздықтардың орын алуынан сотқа жүгініп, шешімін күтіп уақыт ұттырып алдық. Қыста жер қатып техниканың мүмкіндігі де тұсалды. Енді бөлінген қаржыны дұрыс пайдалана отырып, жұмыстың қалған бөлігін осы жылдың қараша айына дейін толық бітіруге бел байлап отырмыз. Қазір он бес адаммен бригада жұмысты бастап кетті. Алдағы күнде бригаданы күшейтіп, техника санын жиырмаға жеткізіп, жұмысқа екпін беруді жоспарлап отырмыз. Құдай қаласа, биыл кент тұрғындары жүз пайыз таза сумен қамтылатын болады, – дейді.
Суды тұрғын үйдің ішіне дейін кіргізіп беру мәселесіне келсек, ол жобада қаралмаған. Су құбыры белгіленген қызыл линия, яғни қақпаның түбіне дейін келтірілетін болады. Бірақ мердігер компания құбырды тұрғындардың ауласына мүмкіндігінше 2-3 метрге дейін кіргізіп беріп, көмек жасасақ деген ниеті бар екен.

Баян ҮСЕЙІНОВА
13 сәуір 2021 ж. 420 0