№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су мәселесі шешімін табады

Су мәселесі шешімін табады


Қазір Жаңақорған ауданында ірі үш мәселе бар. Бірі – су! Ол да болса – Жаңақорған кентінде!
Ашығын айтқанда, кент, ауылдық елді мекендер бойынша орталықтандырылған ау­ыз су жүйесіне 91,4% қол жеткізілді. Орта­лықтандырылмаған 3 елді мекен (Кеңес, Қосүйеңкі, Құттықожа) скважинадан ауыз су пайдалануда. Енді ауыз су айналасындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларды жан-жақты жеткізгім келеді. Жасыратыны жоқ, жыл сайын аудан халқы санының артуына байланысты ауыз су құбырларын тартудың да өз мәселелері туындап тұрады.
Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданында 35 елді мекен болса, оның 32 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.
Мысалы, 2013 жылдан бастап  Сунақата, Еңбек, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық, Қожамберді, Жайылма және Жаңақорған кенті, барлығы 8 елді мекен «Жиделі» топтық су құбыры» желісі арқылы қамтылып келеді. Бұл желінің жабдықтары мен құрылғыларының тозығы жетті, соған сәйкес жоба-сметалық құжаты әзірленіп, 2021-2022 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімді Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.
Тынымсыз тірлік кешу мен сауатты құжат әзірлеудің нәтижесінде 3 жоба (Сунақата, Төменарық, Екпінді) облыстың экономикалық жиынтық  бағдарламасына еніп, республикалық бюджеттен  825,5  млн теңге қаражат қаралуы мақұлданды.  Ал, «Жиделі топтық су құбырынан» қамтылатын Сүттіқұдық, Қожамберді, Жайылма елді-мекендерінің су жүйесін жаңғыртуға аудан бюджетінен жоба-сметалық құжат дайындалуға қаржы бөлінді. Ашығын айтқанда, кеңестік кезеңнен ауыз су үлкен мәселе болған Жаңақорған кенті күрделі жағдайдан шығып келеді. Бұл бағытта жобаның 2-ші кезеңінде  – 40 км, 3-ші кезеңінде – 37,7 км, 4-ші кезеңінде – 194,1 км орталық ауыз су құбыры жүргізілген. Кенттегі 33 000 мың халықтың 33 пайызы «Жиделі» топтық су құбырының суын тұтынып отыр. Биыл, 2021 жылы кенттегі ауыз су сервистік желісінің құрылысы біткен жағдайда суға мұқтаждық тоқтап, сумен қамтамасыз ету мөлшерімен 100 процент деңгейге жетеміз. Қалған 24 елді мекен: - оқшау (локалды) су жүйелермен  қамтылған.
Енді аудандағы елді мекендер бойынша мәселе мынадай: «Ақбұлақ» бағдарламасымен бастау алып «Нұрлы жол» бағдарламасымен жалғасын тауып құрылысы жүргізіліп жатқан «Сырдария және Талап топтық су құбырының  құрылысы» жобасында Сырдария өзенінің шығыс беткейіндегі 12 елді мекеннің  19381 халқын және Сырдария өзенінің батыс беткейіндегі 16 елді мекеннің 23564 халқын таза ауыз сумен қамту қарастырылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2021 жылы толық аяқталуы тиіс.
Әрине, жұмыс жеткілікті. Оның уақтылы және сапалы атқарылуына қоғамдық бақылау жүргізіліп келеді.
Өздеріңізге белгілі, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу»  жобасының мердігері мен басқа компанияның соттасуы салдарынан іс төрт айға жуық тоқтап қалды. Соның салдарынан өткен жылы толық бітіруге тиісті жұмыстар биыл жалғасып жатыр.
«Сырдария топтық су құбырының құрылысы» 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталғанымен, сумен қамтамасыз етуші Бас тоған (Головной водозабор) Талап топтық су құбырының құрамында болуына байланысты, толыққанды іске қосылмай отыр. Осы жағдайлар тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда. Себебі, аталған нысандағы су ұңғымалары жобадағы су алу дебитінің жоспарынан суды кем беруде. Тіпті алдағы уақытта аудандағы 27 елді-мекенге су жеткізіп бере  алмау күдігі көңілге ұялайды. Қазіргі таңда Талап топтық су құбырын 2021 жылдың соңына пайдалануға беру жоспарланған. Осыған сәйкес Сырдария топтық су құбыры  да  «Талаппен» қатар іске қосылатын болады.
Міне, осы жағдайларды жеткізе отырып, үстіміздегі жылдың сәтті қадамына тілеулес болып отырмыз. Бұл әлеуметтік мәселенің күре тамыры десек, ауыз суға тәуелділікті жоюға жұмыс жүріп жатыр.
Жақсы сөз – жарым ырыс деген, алдағы уақытта су сарсаңға салмасын деп тілейік. Күніміз шуақты, көліміз суатты, еліміз қуатты болсын!
Руслан РҮСТЕМОВ
25 наурыз 2021 ж. 658 0