№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шұғыл: Кенттегі 11 көше тұрғындары тезарада су кіргізіп алыңыз

Шұғыл: Кенттегі 11 көше тұрғындары тезарада су кіргізіп алыңыз


Жаңақорған кентінде тозығы жеткен құбырлармен ауыз су жіберу тоқтатылды. Басты себеп – қыс ауасында құбырлар қайта-қайта жарылып, істен шығуы. Ескі құбырдан аққан сулар көлік қозғалысымен қатар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруде. «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бірнеше көшеде суды жібермеуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде жауапты мекеме қызметкерлері мен сала мамандарынан сұрадық.


– «Жиделі топтық су құбырынан» су алатын Хорасан ата көшесі №37 және №158 үй аралығы, сондай-ақ Қожанов, Абай, Пахырдинов, Жаппаров, Ақмешіт, М.Көкенов, Қорған, Нахипов, Сапарбеков пен Сығанақ көшесінің тұрғындары енді ескі құбырдан су пайдалана алмайды. Осы көшелердің бойындағы Д-160, 100, 200 мм шойын (чугун) орталық ауыз су құбыры судың қымысын көтеруге қабілетті болмай тұр. Ескі су жүйелері тозығы жеткендіктен әр жерінен жарылуда. Енді тез арада жаңақорғандықтар құны 4 млрд теңгені құрайтын 4-кезеңнің ауыз су жүйесінің құбырын үйге кіргізіп алғанға мән бергені дұрыс, – деді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов.
Демек жоғарыда аталған көше­лердегі 586 үйдің тұрғындары өз күші­мен ауыз су құбырын белгіленген құдықтардан үйіне тартып алуға болады. Сала басшысы айтқандай, мүмкіндік болса тездеткен жөн.
– Тұрғындар үйге құбырды кіргізу үшін қанша қаржы кетеді?
– Мекеме күшімен жалғанатын тұты­нушылар үшін көрсетілетін қызмет түрі мен қызмет ақысы жеке тұлғалар үшін – 5574 теңге болса, заңды тұлғалар үшін – 7226 теңгені құрайды. Ал үйіңізге құбыр жүргізу үшін мекеме қызметкерінің эксковаторын пайдалану ақысы метріне – 600 теңге, заңды тұлғаларға – 672 теңге болады. Бір құдықтан төрт су тарайтын нүкте болса онда тұрғындар бірігіп қазу жұмысына білек сыбана кірісуге де болады. Бірақ құбырды өзіңіз сатып аласыз, – деді сала басшысы.
2020 жылы Жаңақорған кенті ауыз су жүйесін толық іске қосуға 574 млн теңгенің 120 млн теңгесі беріледі. Әлі қай көшелерге басымдық беретіні нақтыланбаған.
Су жүйесіне қосылу үшін алдымен құжатын, техникалық штатын алу керек. Егер мән-жайды толық түсінбегендер болса, онда 24-8-32 телефон нөміріне хабарласып, нақты мәліметті біле алады.
Қысқасы, «Жиделі топтық су құбы­ры» Жаңақорған өндірістік бөлім­шесінен тарайтын су жүйесі бойынша біқатар көшеге су беруді тоқтатады.
Қайткенмен, сабыр сақтап, түсіністік танытып, мүмкіндігінше қамданғаны дұрыс.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 желтоқсан 2019 ж. 733 0