№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕҢДЕССІЗ ЖОБА

ТЕҢДЕССІЗ ЖОБА

    Әлемде тұщы су стратегиялық басымдыққа айналды. Қазірдің өзінде Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдері ауыз суға зәру. Сарапшылар бұл көрсеткіш жыл сайын артып, 2030 жылдары әлем тұрғындарының 47 пайызын құрайтынын айтуда. Тұңғыш Президент осындай қауіп-қатердің алдын алу мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасын қабылдап, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді және су ресурстарын тиімді пайдалануды тапсырды. Бүгінде бағдарлама аясында Жаңақорған ауданының 28 елді мекенін тұщы сумен қамтамасыз ететін «Талап-Сырдария» топтық су құбыры жүргізілуде.

  Бесарық бекетіне 15 шақырым жерде орналасқан жер асты тоғанында 8 ұңғыма бұрғыланды. Сыйымдылығы 500 м3 екі су қоймасы мен «Аквахлор» реагенттік шаруашылығы салынды. Сондай-ақ, №3Т сорғы станциясының ғимараты, су сақтайтын қойма және тұрғын үй құрылысы және т.б жүргізілді.
Сырдария өзенінің астынан төрт құбыр өткізіліп, Көктөбе, Қалғансыр, Қандөз, Қашқанкөл, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Әбдіғаппар, Байкенже, және Билібай елді мекенін сумен қамтамасыз етеді.
2015 жылы нысанның құрылысы басталғалы бері құрылыс жұмыстарына бөлінген 4 917,093 млн. теңге игерілді. Бағдарлама негізіндегі магистральдық су құбырының 227,1 шақырымы төселді. Жобада қарастырылған елді мекендердің ішіндегі үйлерге өткізілетін су құбырларының өзі 21,18 шақырымға тартылды. №3С және №4С топтық сорғы станциялары салынды. Көктөбе, Қандөз, Қожакент, Өзгент, Абдіғаппар, Байкенже елді мекендерінде сорғы станциялары мен су қоймалары салынып, су мұнаралары орнатылды. Су құбырларын қалыпты жағдайда ұстау үшін жөндеу-механикалық шеберхана құрылысы салынды. Жобада қаралған Көктөбе, Қандөз, Қашқанкөл, Қалғансыр, Қожакент, Өзгент, Ақсуат, Әбдіғаппар, Билібай, Байкенже, М.Нәлібаев, Жаңарықтың су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. 2019 жылы қалған 293,413 млн. теңге қаражатқа жұмыс жоспары бойынша су шығынының есебін автоматты түрде жүргізу құрылғыларының жұмыстары атқарылатын болады. Нысанның құрылысын 2019 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
«Арал СЖКБД» Жаңақорған топтық су құбырының басшысы Ғани Шерниязовтың айтуынша, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Талап топтық су құбырының құрылысы» нысанының жалпы сметалық құны 5 929,185 млн. тенге болады. Ал, құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны – 5 869,893 млн. теңгені құрайды. Жоба бойынша Жаңақорған ауданының Қаратау бөктеріндегі Шалқия кенті, Құттықожа, Бірлік, Қыраш, Қосүйеңкі, Манап, Бесарық, Кеңес, Кейден және Талап, Аққұм, Бесарық бекетін қоса есептегенде, барлығы 12 елді мекен сапалы ауыз сумен бір орталықтан қамтамасыз етілетін болады.
– Ауқымды нысанның құрылысы 2014 жылы басталды. 2017 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары Комитеті мен «Қазсушар» РМК арасында құрылысты жалғастыруға келісім шарт рәсімделді. Қазіргі таңда құрылыс басталғалы бері құрылыс жұмыстарының 3 630,284 млн. теңгесі игерілді. Бұл сомаға №3Т сорғы станциясынан Бірлік елді мекеніне дейін диаметрі 250 мм екі желілік 39,2 шақырым магистралдық құбыр салынды. 2019 жылы диаметрі 100-200 мм 31,6 шақырым магистралдық су құбырын аяқтау жоспарланып отыр. Осы сорғы станциясынан Кеңес елді мекеніне дейін жобада қаралған екі желілік 24,11 шақырым магистралдық құбыры толығымен салынды. №2Т сорғы станциясынан Кейден елді мекеніне дейін жобада қаралған екіжелілік 75,2 шақырым магистралдық құбыры және толық төселді. №2Т сорғы станциясынан №3Т сорғы станциясына дейін жобада қаралған 24,34 шақырым магистралдық құбыр құрылысы толық аяқталды. Магистралдық су құбырынан Аққұм, Талап, Бесарық бекеті және Бесарық елді мекеніне баратын 4,2 шақырым бұру құбырлары салынды, – дейді «Арал СЖКБД» Жаңақорған топтық су құбырының басшысы Ғани Шерниязов.
Жауапты маманның сөзінше, Аққұм станциясында сорғы станциясы салынды. Сиымдылығы 50 м3 су мұнарасы орнатылды. Сиымдылығы 50 м3 екі су қоймасы салынды. Аққұм станциясына 8,51 шақырым кентішілік су құбырлары жеткізілді. Осы маңдағы жөндеу пайдалану аумағының құрылысының жөндеу-механикалық шеберханасы құрылысы жүргізілуде. Өндірісті Шалқия елді мекенінде жобада 17,36 шақырым кентішілік су құбырларының құрылысы қаралса, қазіргі таңда оның 2,35 шақырымы салынды. Шалқиямен іргелес Құттықожа елді мекенінде жобада 21,22 шақырым кентішілік су құбырларының құрылысы қаралса, қазіргі таңда оның 12 шақырымы салынды. Бесарық елді мекенінде жобада 31,32 шақырым кентішілік су құбырларының құрылысы қаралса, қазіргі таңда 29,97 шақырымы толығымен аяқталды. Манап елді мекенінде жобада 5,84 шақырым кентішілік су құбырларының құрылысы қаралса, қазіргі таңда 3,51 шақырымы, Кеңес елді мекенінде 21,7 шақырым кентішілік су құбырлары салынды. Нысанның құрылысын 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«Біздің бір ұтып отырғанымыз Қызылорда облысы бойынша барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бір ғана кәсіпорынға – «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалына жүктелген. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында басталған Талап топтық су құбыры мен Сырдария топтық су құбыры құрылыстарын бастап кетті. Қазір Сырдария топтық су құбырының құрылысы толығымен аяқталып, сынағы сәтті өткізілді. Биылғы бірінші жарты жылдықта пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Талап топтық су құбырына қосылатын елді мекендердің ішіне құбырлар кіргізіле бастады. Бұл құбырларды әрбір үйге дейін жеткізіп беруді осы кәсіпорын жүзеге асырады», – дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов.

Ескендір Ертай.

14 мамыр 2019 ж. 991 0