№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент көшелерімен көрікті

Кент көшелерімен көрікті

Наурыздың алғашқы күнінен тазалық науқанын бастадық. Сенбілікке кенттегі 64 мекеменің қызметкерлері қатысып, 130 кешеге тазалық жұмысын жасап, көктемнің көркін келтірді.Кенттің кіреберіс қақпасынан бастап, жар­қырата жинап, әктеу-сырлау жұмысын атқар­ған көпшіліктің арасында тиянақты тіршілігімен танылған көшелерге тоқталуымыз керек. Солар­дың бірі Тілеу Тотаев көшесінің комитеті, ел ағасы Асан Нақышпанов:
– Көше тазалығын жыл сайын жүр­гізу­де­міз. Жастарға тазалықты насихаттап, бас көз болып, сенбілікті ұйымдастырып келеміз. Қора-қопсы, көше, аймақтар тазаланғаннан соң, ауа да тазарып, тынысымыз ашыла түседі. Тазалықты сүймеген адамның денсаулығы да жақсы болмайтыны белгілі. Білегінің күші бар жігіттерден бастап, қыз-келіншектерге дейін осы тазалық науқанына атсалысуда, – дейді.
Көп болып, бас біріктіріп, кенттің басты көше­леріндегі темір қоршауларды сырлап жүрген нәзік жандылар да ерлерден қалыспай, тазалық апталығына серпін берді. Қыз-келіншектер жағы көшелердің қос жақтауына жиналып қалған қоқысты айнадай тазартса, ерлер жағы жасыл желектің жайқала өсуіне дем беруде.
Алғашқы тазалық сенбілігіне ұжым болып қатысқан Жаңақорған аграрлы-техникалық кол­леджінің ұжымы орталық мешіттің ауласында абаттандыру жұмысын атқарды. Мешіттің бағын­дағы жеміс талдарын әктеп, артық бұтақтан арылтты. Мешіттің ауласындағы гүлзарларды сәндеп, бардюрларын әктеп ағартты. Суағар­ларды аршып, жаңадан жеміс көшеттерін отырғызды.
– Біздің ұжым ерікті ретінде жыл сайын 3-4 рет келіп, орталық Алты Ата мешітіне тазарту-абат­тандыру жұмысын жасайды. Сенбілікті бір реттік қана жұмыс деп санауға болмайды. Тазалық жүйелі жүргізілгенде нәтижелі болады. Әрбір қызметкер мұны өзінің азаматтық борышы санайды, – деді Жаңақорған арларлы-техникалық колледжінің директоры Жомарт Шәуенов.
–Тазалық науқанының алғашқы сенбілігі сәт­ті басталды. Бұған жергілікті мекеме қыз­меткерлері мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері атсалысуда. Кенттің таза болуы әр тұрғынның қастерлі борышына айналатынына сенеміз, – дейді кент әкімі Серік Сейдуалиев.
Тазалық науқанының екінші сенбілігі ауа райының күрт құбылуына орай қар тазалау науқанына ұласты. Кент ішіндегі көшелерге «Нұр-Шах» ЖШС-нің 7 көлігі жұмылдырылды. Кенттің басты көшелерін қардан тазалап, тұзды кұм төселді.
– Кентті қардан тазалауға 30 қызметкер атсалысты. Әлі де шалғай көшелерде тазалау жұмысы жүруде. Күннің суығына қарамастан өз жұмысын жауапкершілікпен атқарған әріп­тестерге халық атынан алғысым шексіз, – дейді «Нұр-Шах» ЖШС директоры Нұрлан Сәдуақасов.
Тазалық сенбіліктері жыл бойы жүргізілетінін естен шығармағанымыз абзал.

Мақпал МАРҚАБАЙ
16 наурыз 2021 ж. 511 0