№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық ластамайтын жерде сақталады

Тазалық ластамайтын жерде сақталады

Төл газетіміздің №70 (8390) нөмірінде аудан әкімі Руслан Рүстемов тазалыққа қатысты күшейтілген кеңес өткізгенін жазған едік. Содан кейін-ақ сенбіліктер жүйеленіп, 4-5 жылдан бері боялмаған бағаналарға әр кіре бастады. Ал, дүниежүзілік тазалық күнімен сабақтасқан сенбі күні кент тұрғындарының белсенділігі арта түсті.

Тарқата айтсақ, 12 қыр­күйекте өткен тазалық шара­сына 64 мекемеден мыңға жуық адам қатысса, 19 қыр­күйектегі сенбілікке 30 мекеме атсалысты. Олар кенттің кіре­берісінен бастап, барлық ау­мақ­та тазалық ісін қолға алды. Бұл туралы Жаңақорған кенті әкімінің бас маманы Алма Мамирова айтты: «Кент тазалығы – ортақ іс. Көпшілік мұны жақсы түсініп, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып, өзінің тазалыққа бей-жай қара­майтынын байқатты. Соң­ғы екі аптада мекемелер бел­сенділігі байқалып, 64 ме­кеме өздерінің белгіленген аумағында тазалық ісін жүзеге асырды. Әр­бір мекемеде сенбілікке қаты­сушылар туралы ақпараттар жинақтап, жыл соңында ең белсенді ұжымды анықтайтын боламыз».
«Батыс Европа-Батыс Қы­тай» жолындағы көпірден «Sinоoil» жанармай бекетіне дейін­гі аумақты әр мекеме 200 метрден тазалады. Жол­дан қор­­шауға дейінгі ара­лық қалдықтардан тазар­тылып, қоршау ішінің шөбі шабылып, көше жа­ры­ғы­ның бағаналары мен бил­бордттың тұғыры сырланды. Көше бойлай орналасқан қор­шаулар сырланып, жар­қы­рай түсті. Бұған №163, №110, №163, №125, №51, №56, №169 мектептің тех­никалық қызметкерлері атса­лысты. Сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, «Болашақ», «Алпамыс», «Бал­ғын», «Ақбота» бала­бақша­сы­ның, Жаңақорған кенті әкімі аппаратының, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, аудан­дық мемлекеттік сатып-алу бөлімінің, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, аудандық жұ­мыспен қамту, әлеуметтік бағ­­дар­ламалар және АХАТ бөлі­мінің қызметкерлері сенбілікке дем берді.
Тазалау, тазарту жұмыс­тары кенттің келбетін арт­ты­рады, екіншіден ден­сау­­лықты нығайта түседі. Сон­дықтан сенбілікке көше комитеттері белсенді қатысты. Соның бірі Т.Тотаев көшесінің бел­сендісі Асан Нақышпанов: «Біздің көше жыл сайын «ең таза көше» ма­ра­патын алып келеді. Оған тұрғындардың биік саналылығы мен қоғам алдындағы жауап­кершілігі себеп. Көп­шіліктің ауызбіршілігі берік болуынан көшенің екі жағына тал егіп, гүлдендіріп, оны баптауды күнделікті іске айналдырдық, – дейді.
Ал, А.Аюпов көшесінің кө­ше комитеті төрағасы Үмбет Әбибул­лаев: «Әрбір азамат өз отбасында та­зылықты қа­лып­тастырып, оны ұрпаққа насихаттап, өзі үлгі болуы тиіс. Сонда ғана көшенің көріктенуі, жай­қалуы байқалады. Осы сен­­білікте көшенің барлық ер азаматтарын сенбілікке атсалысуға шақырып, тазалық шарасын өткіздік. Әйелдер қауымы да қалыс қалмады. Нәтижесінде, көше біршама ретке келіп, ажарлана түсті, – дейді.
Кентте 170-тен аса көше бол­ғанымен, 132-і ресми тір­келген. Осы көшеде 80-ге жуық көше комитеттері нақ­ты­ланса, қалғанында енді сай­лануда. Осының өзі көше тұрғындарының қоғамдағы бел­сенділігін көрсетеді. Әр көше бел­сенділері өз төрағаларын таңдап, кент әкімдігіне ұсынса, сол арқылы елдік мүдде жо­лында қыруар іс атқаруға мүмкіндік туар еді.
Тазалық ластамайтын жер­де сақталады. Мұны ұдайы айтып жүрсек те, тұрғындар арасында өз аумағындағы та­залықты сақтауға мән бермейтіндер көп. Күл-қоқысты ретсіз тастап, қоршаған ортаны ластау фактілері де жиі тіркеледі. Осыдан қалай арыламыз? Бұл жөнінде «Нұр-Шах» тазалық мекемесінің басшысы Нұрлан Садуақасов:
– Көпшілік арасында «таза­лықты тек тазалық мекемесінің қызметшісі жүргізеді» деген жаңсақ пікір бар. Күнделікті таза­лық жасау графигімізді жер-жерге іліп, әлеуметтік же­ліде жарияласақ та көп тұрғын қоқысын көшеге беймезгіл уақытта шығарып, оны ит жыр­тып төгіп, желмен жартысы ұшып, келеңсіз жайтқа әкеліп соғуда. Сондықтан әрбір тұр­ғын өз көшесінде тазалық күнін біліп сол уақытта қоқысты шығарса, кенттің тазалығы қа­лыптасар еді, – дейді.
Оның сөзінше, ит пен мысықтың өлекселерін сыртқа шығарып қоятын тұрғындарға қандай да бір әкімгершілік шара көруі керек деп санайды.
«Жақсы иті өлігін көрсет­пеген» халықтың бұл қылығын қалай болса да ақтай алмай­мыз. Мәдениеттілік пен па­ра­саттылықтың бір па­расы үй жануарларына де­ген қам­қорлық десек, өз мен­шігіңіздегі мақұлықтың өлек­сесін арнайы жерге көму талабын да білген жөн.

Мақпал ПАТЕНОВА
22 қыркүйек 2020 ж. 817 0