№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айыппұл салған абырой ма?

Айыппұл салған абырой ма?


Рас, тазалық – табалдырықтан. Осы ұлағатты ата-бабамыз мықтап ұстанды. Алайда Жаңақорғанның бүгінгі кейпінен ата жолын, баба дәстүрін басшылыққа алмайтынымызды көруге болады. Себебі кенттің қай бұрышына барасаңызда үйілген қоқысқа көзіңіз сүрінеді. Таза кентке айналудың жолы қандай? Тазалықты қалай сақтаймыз? «Ордакент» ардегерлер және жастар ресурстық орталығында өткен жиында осындай өткір мәселелер қозғалды.


Аудан әкімінің кеңесшісі Серқожа Ыдырысов, Жаңақорған кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жарасхан Мырзалиев, «Жаңақорған Тазалық» ЖШС басшысы Мұхамеджан Рүстемов және көше комитеттерінің төрағалары бас қосып, сенбілік жұмыстарының нәтижесін талқылап, таза орталықа айналдыру жолдарын сөз етті. Көше комитеттерінің міндеті нақтыланды. Әттеген-айы, жиынға кенттегі 132 көше комететінің 8-і ғана қатысты. Бұл да жауапкершілікке салғырт қараудың бір көрінісі іспетті.
– Бірнеше күн бұрын Саяжай аумағына аудандық білім бөлімі тарапынан сенбілік жүргізіліп, тазаланды. Екі-үш күнде баяғы қалпына келді. Енді күл-қоқыстарын бей-берекет тастайтын тұрғындарға ескерту жасалады. Үш күннің ішінде тазалық жұмыстарын жүргізбесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен мектеп мұғалімдеріне ысырып қоймай, әр адам тазалықты өз ауласынан бастау қажет, – деді Жарасхан Наурызханұлы.
– Шынында кент тазалығы тек мекемелердің мойнындағы мәселе емес. Күл-қоқысын аула сыртына қойып жатқанды көрген кез-келген адам фото, бейнеге түсіріп тиісті мекемелерге жолдағаны абзал. Солай 1-2 рет айыппұл салынса тәртіпке бағынар, тазалықты сақтауды әдетке айналдырар, – деп қынжыла ой тастады тазалық мекемесінің басшысы.
Аудан әкімі кеңесшісі Серқожа Ыдырысов тұрғындардың сана мәдениетін көтермей, таза орталыққа айналу қиын екенін айтып:
– Бүгіннен бастап әр үйге кіріп тұрғындармен келісімшарт жасалады. Осы келісімшарт негізінде әр отбасындағы жан басына бір айға 65 теңгеден есептеліп, тазалық мекемесі кесте бойынша арнайы көліктермен жиналған қоқысты алып кетіп отырады. Тұрғындар осыны әдетке айналдырса, тазалық мәдениетін қалыптастырамыз деп ойлаймын, – деді.
Егер мұндай жүйе жүзеге асса әсіресе мейрамханалар, ірі сауда орындары, базар маңы, кәсіпкерлік нысандардың иелері келісімшартқа отыруын міндеттеген дұрыс. Егер заңға мойынсұнбай бас тартқан жағдайда 3 күн уақыт беріледі, осы уақыт аралығында тазалық жүргізбесе хаттама толтырылып ірі көлемде айыппұл салынады. Қазір тұрғындар ауласын таза ұстағанымен көше тазалығына мән бермейтіні шандық.
Жиын соңынан сөз алған кент әкімі аппаратының бас маманы Алмагүл Мамирова кенттегі таза, абаттанған Тілеу Тотаев, Садықбек Сапарбеков және Арасат Файзулдаев көшесінің көше комитетіне алғысын білдірді. Кенттегі 132 көшеге үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге байланысты мамандар бекітілгенін жеткізді.
Өскелең ұрпақтың тазалық мәдениетін ата-ана мен мектептегі ұстаздар бірлесе отырып қалыптастыру қажет. Ересектердің өзі күнделікті өмірде тазалыққа қатысты ұдайы үлгі көрсете бермейді. Тазалық үлкен мәселеге айналды. Әсіресе жойылуына жүздеген жыл кететін полиэтиленовый пакет, памперс сынды тұрмыстық қалдықтар экологиялық ахуалды нашарлататыны сөзсіз. Олай болса, ойланайық!

Майра ҒАНИЕВА
22 қазан 2019 ж. 981 0