№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық: бүгін ескерту, ертең айыппұл

Тазалық: бүгін ескерту, ертең айыппұл


Тазалық мәселесіне келгенде таптай құнттылығынан танбайтын қандастарымызды неге үлгі етпейміз? Мәселен, кенттегі Тілеу Тотаев көшесінің тұрғындарына қарап бой түзей беруге болады. Бұл көше тазалығына байланысты мәселелер. Ал кәсіпкерлер, яғни кәсіпкерлік нысандар тазалығына кім жауапты? Өткен сенбіде аудандағы «Тазалық» ЖШС директоры Мұхамеджан Рүстемов бастаған топ кезекті рейдке шықтық. Одан не түйдік, енді соны тарқатып айтып өтсек.


Ауданға жаңадан әкім болып келген Сұлтан Мақашовтың алғашқы жұмысы тазалыққа бағытталды. Бізге керегі де осындай бастама болатын. Қос бірдей мекеме қазір кент тазалығы бойынша қызметке кірісті. Бірақ айта қаларлықтай нәтиже көрінбей тұр. Неге? Себебі, бізде тазалық мәдениеті әлі қалыптаса қоймаған. «Көше тазалайтындар бар ғой» деген ұғым қалыптасып қалған. Оны рейд барысында «Алтыкрант» пен «Алтынсарин» тұрғындарының әрекетінен байқадық. Алдымен кәсіпкерлік нысандардан бастайық.
Құрамында кент әкімдігінің шаруашылық меңгерушісі Орынбасар Абдукаримов пен «Тазалық» ЖШС-нің қызметкері Камшат Арынғазиева бар топ май құю бекеттерін араладық. Тазалық талаптары сақталмаған Хорасан ата көшесінің бас жағындағы, яғни пойыз жол көпірі маңындағы газ құю бекеті мен наубайханаға келесіде айыппұл салынатыны ескертіліп, ескерту қағазы берілді. Бұл нысандар негізінен тазалыққа жауапты мекемелермен келісім-шартқа отырған. Арнайы қоқыс жәшігі бар, бірақ айналысындағы жердің тазалығына мән бермеген.
– Шыны керек, осыған дейін тазалық мәселесі тек жиналыстарда көтерілген болса, енді іске кірістік. Алда көктем мезгілі, тазалық айлығы басталады. Әрбір тұрғын өзінің үйінің айналасына мән берсе, аптасына бір рет сенбілік жасап тұрса болғаны. Қалғаны біздің құзырымызда. Болмаса қоқыстарын қапшықтарға салып, есік алдына шығарып қойса жауапты мамандар алып кетеді. Ол үшін айына отбасындағы жан басына 65 теңге төлейсіз. Кенттің тазалығы біздің мекемеге ғана емес, әрбір тұрғынға керек. Өйткені тазалық біздің айнамыз, – деді М.Рүстемов.
Алтыкранттағы Әлі Тоқсанбаев көшесінен Май бекетіне қарай жүрсеңіз қоқыс қалдықтары қалыңдай түскенін аңғарасыз. «Sinooil» мен «ТS» мекемесінің қызметкерлері мен кейбір тұрғын үйлерге де ескерту берілді. Тұрғындардың тілегіне де құлақ асып көрдік.
– Кешегі күнге дейін ұстаздарды сенбілікке әр апта шығарып, тазалыққа жегіп қоятын. Бұл өте орынсыз, олар балаға сабақ бере ме, әлде өзгенің қоқысын тазалай ма? Тұрғындардың реніші осында болды. Енді қос бірдей мекеме іске кірісіпті. Ұзағынан болсын дейміз, әркім өз міндетін атқарса, тазалық мәселесі дәл бұлай түйткілге айналмас еді. Бұл дұрыс бастама, тұрғындар осыған үйреніп келеді, тек кейбірінің немқұрайлы қарайтыны рас. «Көш жүре түзеледі», деген әлі-ақ тәртіпке қалыптасып, кент тазалығына ұқыптылық орнығады, – деді көп балалы ана Ақжарқын апай.
Түс ауа Алтынсарин аумағына аяңдадық. Бұл жолы учаскелік полиция қызметкерін күткен топ рейд жұмысын жалғастыра алмады. Негізгі мақсаты – кінарат тауып, айыппұл салу емес, жалпының игілігіне жұмылу жұмысын жүргізуді көздеген жанашыр азаматтар құрамына қыр көрсетіп, құлаққа ілгісі келмеген жастар жағының кездесуі көңілге еш қонбады. Оларға айтарымыз, бей-берекет тастаған қоқысыңды анаңның жасындағы апалардың жинап жүргеніне арланбайсың ба? Тазалық – елдің ортақ міндеті. Бұл бағытта ешкім жауаптылықтан жалтара алмайды.

Әлібек ТЕМІРБЕК
19 ақпан 2020 ж. 972 0