Қандайсың, Қалғансыр мен Қашқанкөлім
Теңселтіп, ары-бері ырғай беретін мына жол өткен жылдың аяғында адам танымастай өзгерді. Тақтайдай тегіс болып, көлікті де, жолаушыны да бір азаптан құтқарды. Атасына рахмет, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2021 жылы құрылысы бітетін жолды тышқан жылы табысты аяқтатты. Ел «бітер істің басына, жақсы келер қасына» деп жүргені осы ғой, дария беттегі ауылдардың алғысы енді түгесілмес.Сол жолмен Қандөзге көлік зырлап келеді. Аудан басшысының бастамашыл бағдарламасы бойынша екі шағын ауылға бару жоспарланған. Бірі – Қашқанкөл, Қандөз ауылдық округі орталығынан 3 шақырым алшақ жатқан ауыл. Білуімізше, Қандөз ауылына Сырдария өзенінен кішігірім канал келіп құйылып тұрған. Содан Қашқанкөл ауылының орны көл болып жатқан. Сол себепті Қашқанкөл деген атау шыққан.
Бүгінде ауылда 18 отбасы, 114 адам тұрады. Бір үйдің бір бөлігін жалға алған бастауыш мектеп жұмыс істейді, 7 оқушы бар. Ауылдың қариясы Тыныштық ақсақал ақылман кісі. Жастарды жақсылыққа жұмылдыруға тірек тұлға.
Біздің елді мекендегі кездесуімізде ауыл тұрғыны Шерехан Жұрынтаев: «Бұл жер менің атақонысым. Қарашаңырақты қай қазақтың баласы тастап кетеді, отын өшірмей отырмын. Әкем соғыс ардагері болған. Балаларым Қандөзге қатынап оқиды. Қазір кіші қызым 6 сыныптың оқушысы. Кешкісін алдынан күтіп алып жүремін. Соны уайымдаймын. Реті келсе, көшені жөндеп, шам қойылса...» деді. Бұған Жаңақорған ауданы әкімі: «Жалпы, Қашқанкөл бойынша 1 ұсыныс бар. Ол – жарықтандыру. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы аудандық бюджеттен 2301,0 мың теңге қаралып, Қашқанкөл ауылы халқының жағдайын жақсарту және аяқ су мәселесін шешуге байланысты ауыларалық 3 шақырым канал ішін тазалау жүргізілді. Сондай-ақ КТПН 250 кВа трансформатор алуға 1956,0 теңге, су шығару құрылғысына жалғанатын электр жабдықтарына 335,0 тың теңге, қуаты 75 кВт электроқозғалтқыш алуға 982,0 теңге бөлінді. Енді 2021 жылға күн сәулесінен жарық беретін қондырғылар мен бағандар орнату үшін жобалау-сметалық құжат жасалуда» деп нақтылап жеткізді.
Келесі кезекте Қалғансырға беттеп келеміз. Даланың төсі түрленіп, көктемнің лебі сезіліп тұр. Ауыл қазағының жүрегінде титімдей жалған ой жоқ, дархан пейіл тебіндейді. Бізді баураған осы қасиет.
Кәдімгі ошақта от жағып, самаурын қойып, мал жайып, құдықтан су тасыған сурет көз алдымызға келді. Бір-біріне реніш табы білінбейтін, ынтымақты елді осы Қалғансыр танытқандай әсердемін. Ауылдың атшаптырым кең орнында игі жақсылар жиналған. Олар бауырын күткен бағзы бабалар дәстүріндей бізбен қауымдаса кетті. Басында құндыз бөрік киген ауыл ақсақалы Сембек Нұртазаев сөзге алдымен араласты. Кезінде көкпар тартып, ұлттық спортты жандандырған жанның бірі. Бүгінде ұрпағының ортасындағы қадірменді қария. Ол ауыл өмірінен әңгіме шертті.
Негізінен Қандөз ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл Қалған және Сыр деген атаулардың бірігуінен пайда болған. Ерте кезде әр жерлерде 3-4 отбасыдан орналасқан сол елді мекендерде қалған елге байланысты Қалғансыр деген атау шықты деген аңыз бар.
Ауылда 19 үй бар, 103 адам тұрады. Бастауыш мектеп жұмыс істейді. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы өңірдегі өзекті мәселелер мен атқарылған шараларды жан-жақты жеткізді. Сонан соң еркін сұрақ-жауапқа көшті.
– Дария ауылдан 350-400 метр жерде. Соған насос қойылса ел егінге бет бұратын еді, – деді Балтабай Қожамұратов.
– Бұған дейін 9 млн теңгеге 8 ауылға қуаты күшті насос алынды. Сіздерге қарастыру үшін тиісті инстанцияларға өтінімдік ұсыныс беру керек. Аудан бюджетінен де қарастыруға болады, ол үнемделген қаражат есебінен болуы мүмкін. Сол үшін ауыл әкімі тиісті құжатын дайындап, бюджеттік комиссияға ұсынғаны жөн, – деп түсіндірді аудан басшысы.
– Руслан Рүстемұлы, бұл жерде мына жағдайды ескере кетсеңіз. Бұрын ауыл орман қорындағы жерге орналасып, енді 98 гектар аумақты өзімізге қаратып отырмыз. Дариядан бері ескі арықтардың орны сақталған, насос болған жағдайда өз күшімізден суды ауылға жеткізіп аламыз, – деді ауыл әкімінің міндетін атқарушы Кеңес Оразбеков.
– Ендеше жер кімнің теңгерімінде тұр, соны құжаттық дәлелмен бюджеттік комиссияға ұсынуға болады, – деп аудан әкімі нақтылай түсті.
Ал, Әріпхан Байкенжеев болса, интернет жылдамдығын қозғады.
Бұл жақын арада болатынын, «Транстелеком» АҚ мәселені нақты шешетіні жеткізді.
Ауылдың ең үлкені Мақсұт Байкенжеев аудан әкімінің жылы жүздесуіне, елге құрметпен қарағанына ризашылық лебізін айтып, бата берді. Мал бағып отырған елге амандық тілеп, біз де жолға шықтық.

Қаныбек АБДУОВ