№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпсіздік – басты назарда

Қауіпсіздік – басты назарда


Аудан әкімі Руслан Рүстемов 2020-2021 жылдардың қыс-көктем айларында Сырдария өзенінде судың күрт көбейіп кетуіне және сең жүру
кезеңіне байланысты туындайтын қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайы мен қауіпті учаскелердің қысқы мезгіліне дайындығын пысықтап, аталған нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.


Қыс, көктем айында Сырдария өзені мінез танытып, дарияны жағалай қоныстанған жұрт­ты әбігерге салып тұратыны бар. От пен суды тілсіз жау десек, өзеннің осал тұстарын ба­қылауда ұстау маңызды іс. Аудан басшысы осыны ескеріп, Сырдың мінезін бақылауды жөн санады.
Айта кететіні, аудан бойынша Сырдария өзенінен бастауын алатын 5 су торабы бар. Олар: Келінтөбе су торабы (ұзындығы 88 шақырым), Сумағар, (31 шақырым), Тайпақкөл (6 шақырым), Күркіреуік (20 шақырым), Сунақата (26 шақырым) дала еңбеккерлерінің күнкөріс көзі болып саналады. Жалпы ұзындығы 177 шақырым болатын 5 магистральді канал «Қызылордасушар» РМК-ның меншігінде. Қазір барлық каналдардың жағдайы қанағаттанарлық және жауапты мекемелердің бақылауында.
Аудан бойынша Сырдария өзенінің бойын­да жалпы ұзындығы 50,919 шақырым қор­ғаныс бөгеті бар. Көктөбе, Қалғансыр, Қауық, Байкенже, Қожакент, Жаңақорған-Төменарық бөгетіне қарау жүргізілді, барлығы қанағаттанарлық жағдайда екендігіне көз жеткізілді.
Сырдария өзені бойында аудан аумағында 8 қауіпті учаске бар. Оған Көктөбе, Қалғансыр, Қауық, Қожакент, Өзгентті қосу керек. Сондай-ақ Жаңақорған және Байкенже, Төменарық ауылының күн батыс жақ бөлігі қауіпті учаскеге жатады. Жалпы қауіпті аймақтарда 20197 адам тұрады.
Осы сапарда аудан әкімі Руслан Рүстемов Сырдария өзенінен Өзгент көліне су алатын жерде салынып жатқан су тоспасы құрылысында және Шұқырой көліндегі қауіптің алдын алу мақсатында көлдің әлсіз жағалауларын қомдау мен күшейту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның жұмысымен танысты.

Ерлан РАЙЫМБЕК
05 желтоқсан 2020 ж. 523 0