№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Асхат – жұлдызды жоба жеңімпазы

Асхат – жұлдызды жоба жеңімпазы


Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі үшін 2020 жыл толағай табыстарға толы болды. Жыл бойы жасалған жұмыстар жаңалықтардың жаршысына айналды. Одан бөлек, 2021 жылдың алғашқы айлары да колледж студенттері мен оқытушылары үшін үлкен жетістіктердің қақпасын айқара ашуда. Олай дейтінім, жуырда ғана өзім даярлаған шәкірт Асхат Амангелді «Жарқыра Жаңа Жыл Жұлдызы» атты республикалық онлайн байқауда топ жарып, дара шықты.


«Жұлдызды қолтаңба» респуб­ликалық шығармашылық қоры ұйым­дас­тырған онлайн сайыс жас­өспірімдер­дің карантин кезіндегі уақытын тиімді пайдалануға, жастарды өнерпаздыққа, білімге шақыруға арналған. Өнер мен шығармашылық бағытқа бөлінген онлайн байқауға Қазақстанның ең танымал жұлдыздары мен журналистері, қоғам белсенділері әділ-қазылық етті. Елдің әр өңірінен қатысқан сайыста жаңақорғандық жастың көш бастауы аудан үшін абырой биігі. «Ұстаз талантты болса, шәкірт талапшыл болады» деген осы болар. Қуанышымызда шек болмады.
Ал, енді Асхаттың шығармашылғына тоқталсам. Қазақтың қара сөзі мен қара өлеңіне құмартып, жанына жалау етіп жүрген Асхат «Тау-кен жер асты қондырғыларының машинисті» мамандығының 3-ші курс студенті. Ол ұдайы ізденіс пен шыңдалуды басты арнаға қойған. Олай дейтінім, сабақтан тыс уақытында кенттегі Арман мәдениет үйімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мерекелік кештер мен қойылымдарға қатысып, белсенділік танытады.
– 2019 оқу жылында колледждегі жетекшім Гүлжауһар апайдың нұсқау­ымен Арман мәдениет үйіне барып, «Көркемсөз» үйірмесіне жазылдым. Рыскүл Ұлықпанова мен Шәкизат Қарабекованың әдістемелігімен сөз саптауды, мәнерлеп оқуды, шығарма­шылықпен шыңдалуды үйрендім. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған кештерді жүргізіп, жыр мүшайраларында оқ бойы озық шықтым. Бір сөзбен айтқанда, кәсіби колледждің абыройын асқақтату үшін мейілінше өз үлесімді қосудамын, – дейді Асхат Ерболұлы:
Қазақтың кемеңгер жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болуы керек» деген. Асхаттың өз өнеріне деген сенімділігі мен жырдан жауһар теруінің және ұстаздық бағдардың арқасында «Бас жүлдені» иемденіп, қуанышқа кенелдік. Бұл жеңісіміз жылдық жетістіктің басы болса керек.
Жуырда ғана Қызылорда облысында кәсіптік колледждер арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен ұйымдастырылған облыстық сайыста шәкіртім Асхат Ерболұлы тағыда жүлделі II орынды қанжығаға байлады. «Алтын жүрек анамыз» деп аталған көкркемсөз оқудан көш бастап, өзіндік даралығын жеткізе білді. Облыстың кіл мықтылары қатысқан тартысты сахнада Жаңақорған атын жарыққа шығарып, мәртебемізді асырды.
Әдебиет, шығармашылық, қара сөз – бұл шынайы патриотизмнің құндылығы. Бүгінгідей ақпараты көп алмағайып заманда рухани құндылықтар жойылмауы тиіс. Ал, руханиятты жандандыру ұстаздың еңбегіне тікелей байланысты. Жас ұрпақ, ертеңгі болашақ баянды болсын десек, бүгінгі жастарды ізгілік пен құндылыққа, тәрбие мен тәлімге, әдебиет пен әділеттілікке бағыттау маңызды. Менің педагогтық пәрменім де осы.
P.S.: «Білекке сенген заманда, Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік» деп Абылай хан айтқандай бой емес, ой жарыстыратын уақытта ілім іздеуге талпынған жөн. Білім мен ғылымның алтын дәуірінде жастар жігерлі, ізденімпаз болғаны дұрыс. Өйткені білім бәсекесі баршаны биікке жетелейтіні айқын. Осыны ұмытпаған жөн.

Гүлжауһар АХМЕТОВА


11 ақпан 2021 ж. 549 0