№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бас ақынның бас жүлдесі Жаңақорғанда

Бас ақынның бас жүлдесі Жаңақорғанда

​​​​
Абайдың 175 жылдығына орай түрлі деңгейдегі рухани-мәдени шаралар өтуде. Соның бірі – Сырдария ауданы, Аманкелді ауылдық клуб үйі ұйымдастырған облыстық жас әншілер байқауы. Онда жаңақорғандық жастар бәсі биік екенін байқатты. «Абай дана, Абай дара – қазақта» атты онлайн ән байқауының бас жүлдесі жаңақорғандық жас әнші Шұғыла Базарбаеваға бұйырып, қуанышымызды еселеді.
Ақын, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлын дәріптеуге арналған шараға облыстың түкпір-түкпірінен жас таланттар видиожолдау жасап, өзінің ән орындаушылық қабілетін байқатты. Байқауға Мәдениет саласының үздігі, композитор Сәбит Ұлықпанұлы және өнер саласының майталмандары төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен, жүлделі үшінші орынды Арал ауданынан Ғазиз Жаңабай бен Сырдария ауданынан қатысқан Ақжан Сұлтанғазиева өзара бөліссе, екінші орын Сырдария ауданынан Жанерке Науанға бұйырды. Ал бірінші орын Шиелі ауданынан Әділжан Дәуренұлына табысталды. Бас жүлде Жаңақорған ауданынан қатысқан Базарбаева Шұғыла лайық деп танылды.
Өзінің жүлделі орынға қол жеткізгенін білген Шұғыла Базарбаева:
– Абай әндері жүректі тербеп, көңілді қозғайтын ғажап әуен. Талабымды шыңдап, өнерімді қолдаған ұстаздар қауымына, тілеулес достарыма үлкен рахмет. Жаңақорғанның жақсы атын биікке көтерер жастар қатары көбейе түссін, – деп қуанышымен бөлісті.
Бас жүлдегерді құттықтап, ақ тілегін жолдаушылар қатары көп. Соның бірі –М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева: «Биылғы жылы карантин жағдайына қарамастан жас талантты жастар өз биігін байқатыуда. Жыл басынан бері қаншама жеңіске ие болған жастар бар. Соның ішінде Шұғыла қыздың өзіне тән қоңыр даусы, инабаттылығы, ұқыптылығы оны үнемі алға бастайды. Жас өреннің алар асуы әлі алда, тек сәттілік серік болсын! – деді.
Кіл мықтылардан суырылып алға озған жас талапқа толғай табыс тілеп, өнер жолында жұлдызы жана берсін деген ақ батамызды бердік.
Мақпал МАРҚАБАЙ
07 қазан 2020 ж. 696 0