Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қосүйеңкінің қауқары

Қосүйеңкінің қауқары


Заңғар жазушы, қарымды қалам­герлер түлеп ұшқан Қосүйеңкі елді мекенінің бүгінгі кескін-келбеті келісті. Тау етегінде қоныстанған киелі шаңырақта шаруа шаш етектен. Күрмеулі мәсе­лелер де жоқ емес. Олардың шешілу жолы қандай деңгейде? Аудан әкімі Руслан Рүстемов халыққа берген онлайн есебінде осы сауалдарға жауап берді.
Былтыр округ бойынша 3 ұсыныс көтерілген. Оның алғашқысы, ескі мектеп ғимаратын жөндеп, балабақша есебіне ғимаратты пайдалануға мүмкіндік жасау болатын. «Аудандық бюджеттен 6 млн теңгенің үстінде қаржы бөлініп, жөнделіп берілді. Бірақ қазіргі таңда мендегі ақпарат бойынша Қосүйеңкі ауылындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 35 пайыз. Бұл өте төмен көрсеткіш, алайда 2-ші топ ашуға бала саны да бар. Соған сәйкес алдағы уақытта қосымша бір топ ашу үшін облыстық білім басқармасымен жұмыс істейтін боламыз. Өткен жылы осындай жағдайды дер кезінде бағамдап ауданның бюджетінде болғандықтан біз М.Нәлібаев елді мекенінен қосымша топ ашқан болатынбыз. 2021 жылдың басынан бастап аудандағы мектептер мен балабақшалар облыс­тық білім басқармасы арқылы қаржыландырылады», – деді аудан басшысы.
Елді мекендегі интернет желісінің қолжетімсіз екендігі белгілі. Бұл мәселе аудандағы көп елді мекенге тән. Алдағы уақытта шешімін табатын шаруа.
Ауыл ішіндегі көшелерге ауыз су жүргізіп жатқан компаниялардың жұмысының сапасына сын айтып, қазылған көшелерді қайта тегіcтеп, асфальттап беру жөніндегі ұсыныс түскен.
– Бұл ұсыныстардың аясында «Талап-Сырдария» су құбырын жүргізіп жатқан мердігерлермен биылғы жылға кездесу ұйымдастырамыз. Сол кездесуде кент, ауылдық округтердегі ауыз судың айналасындағы барлық ұсыныстарды айтамыз. Негізінен тау беткейлердегі елді мекендердің ауыз су жүйесі 2021 жылға толық пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ ауылдың аумағындағы жайылымдық жерлерді кеңейтіп беруді сұраған екенсіздер. Бұл ұсыныс бойынша өткен жылы аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, 26 кент, ауылдық округтердің әкімшілік аумағының шекараларын белгілеу жөніндегі жобасы жасалды, – деді әкім.
Енді сол жобаны тарқатсақ. «Қазақстан Республикасының әкім­шілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкiм­шiлiк-аумақтық бiрлiк­терінің шека­раларын облыстық ат­қарушы және өкілді органдарға белгілеуге ұсыну жөніндегі Жаңа­қорған ауданының мәслихаты мен Жаңақорған ауданы әкімдігінің бірлескен шешімі қабылданды.
Әрі қарай, облыстық атқарушы және өкілді органдардың бірлескен шешімімен ауылдық округтердің шекаралары бекітіліп, белгіленуі қажет. Бұл жұмыстарды облыстық деңгейде жүргізу үшін құжаттар жиынтығы облыстық жер қатынастары басқармасына жолданған.
Өткен жылы бюджетті нақтылау барысында Ақтөбе бұлақ көшесіне күн сәулесінен қуат алатын 20 дана жарықшам орнатуға 904 мың теңге бөлінді. 2021 жылға аудандық бюджеттен тренажерлық (жаттығу) алаң орнатуға 5 млн теңге, Ақтөбе бұлақ, Смағұлов, Сариев, Қайнар көшесіне қиыршақ тас төсеуге 3,7 млн теңге қаржы бөлінді.
02 ақпан 2021 ж. 260 0