№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белесі биік Бесарық

Белесі биік Бесарық


Тұмса табиғатымен, саф ауасы, таңбалы тастары мен тарихи тауларымен ерекшеленетін Бес­арық ауылдық округінің бүгінгі бағыты байыпты. Жаңақорғанның Швецариясы аталған округте былтыр атқарылған жұмыс аз емес. Былтыр түскен 9 ұсыныс шешілді ме, бұл жөнінде аудан әкімі халық алдындағы онлайн есебінде жауап берді.

Бірінші ұсыныс бойынша ауылдық клуб үйіне музыкалық аспаптар (бас домбыра, домбыра, қобыз, баян, контрабас, жетіген, шертер, қылқобыз, шаңқобыз, дауылпаз, сылдырмақ, аса таяқ және т.б.) алуға 3,3 млн теңге, ерлер мен әйелдер киімін алуға 1 млн теңге қаржы бөлінді.
Екінші ұсыныс – ауылдың жылдан жылға үлкейіп келетінін ескеріп, жаңадан түсетін көшенің инфрақұрылымына қаржы бөлу жөнінде. Бұл ұсыныс бойынша елді мекеніннің жаңадан түсетін көшелерінің инфрақұрылым жобасын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін аудандық бюджеттен 2,7 млн теңге қаралды. Жоба-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Электр желілерін тартуға 57,6 млн теңгені құрайтын қаржы жоғары бюджеттерге ұсынылды.
Ал, тас жолға 46,6 млн теңгенің жобасына қаржы алу үшін облыстық бюджетке ұсынылды. Аудан басшысы осындай жауабын жеткізді.
Су қоймасынан ауылға дейін 25 шақырым су ағатын арыққа лоток салып беру бойынша жоба-сметалық құжаттарын бастау үшін, биылғы бекітілген бюджеттен 500 мың теңге бөлінді. Қалған қаржысы жыл ішіндегі нақтылау барысында берілетін болады. Жоба дайын болғаннан кейін мемлекеттік сараптамадан өткізіп, құрылысына қаржы облыстық бюджет арқылы сұралады екен.
– Келесі ұсыныс жаңадан 90 орындық балабақша ғимаратын салу болатын. Бұл ұсыныс бойынша бүгінде балабақшаның құрылысына жоба сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны – 470 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күнге артықшылық алып тұрған Ақүйік ауылындағы балабақшаның құрылысын салу. Өйткені өткен жылдың басында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің Қызылорда облысына жасаған сапары кезінде Ақүйік елді мекенінде болды. Сол кезде балабақша құрылысы көтеріліп, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының тікелей бақылауына алынды. Сондықтан сәл сабырлық керек, – деді аудан әкімі.
Көптеген шаруалар жайылымдық мақсаттағы жерлерді алып алған, бірақ шаруашылықтың атында тіркелген бірде-бір мал жоқ. Ал, керісінше қазіргі мемлекеттің қабылдап жатқан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарламалары бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға несие беріп, кәсібін ашайын десе жайылымдық жер қажет. Сондықтан бұл тапсырмалар Үкіметтің қабылдаған заңдылығына сәйкес іске асырылып жатқанын Руслан Рустемұлы атап өтті. Егер тиісті жер көлемге қарай заңдастырылған мал болатын болса, ешкім алып қоя алмайды.
Өткен жылы көтерілген ұсыныс­тардан бөлек Бесарық, Кеңес елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру мақсатында күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар алып, орнатуға – 1,7 млн теңге қаралды.
2021 жылдың бекітілген аудан бюджетінен Қыдыров көшесін орта­ша жөндеуге 18,5 млн теңге, тал отырғызуға қоршау жасауға 7,4 млн тағзым алаңын жәй жөндеуге 3,9 млн барлығы – 29,8 млн теңге бөлінді.
Жалпы алғанда, биылғы жоспар жүйеленді, енді тұрғындар тілеуі ертерек орындалса нұр үстіне нұр болар еді. Қалғаны уақыттың еншісіндегі шаруа.
02 ақпан 2021 ж. 660 0