№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талаптың тынысы

Талаптың тынысы


2005 жылдан бастап, Бесарық ауылдық округінен еншісін алған Талап ауылының бүгінде тіршілігі тындырымды. Халықтың негізгі кәсіп көзі – мал шаруашылығы мен темір жол саласы. Өкінішке қарай, аяқсу жоқтығына байланысты егіс егілмейді. Дегенмен, ауыл тынысы, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде талпыныс, берекелі істердің биігі бар. Аудан әкімінің есебінде қандай мәселенің шешілгенін түйіндедік.
Бесарық бекеті тұрғындарының атынан өткен жылы 2 ұсыныс көтерілген болатын. Оның бірі елді мекендегі Теміржол және Бесарық көшелеріне асфальт төсеу болатын. Бұл жөнінде аудан әкімі Руслан Рүстемов: «Осындай елді мекендердегі көшелерді жөндеп беру жөніндегі ұсыныстарды барлық кент, ауылдық округтерінен жинақтап тізім жасап, республикалық бағдарламаларға ұсынып, қаржы тарту мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды. Сол ұсынылған тізімнің ішінде 6 көше бар. Олар: Өркендеу, Ақтас, Тәуелсіздік, Мешіт, Бесарық, Теміржол көшелері. Алдағы уақытта қаржы мәселесі шешілсе, жолдар жөнделетін болады» – деді.
Шыны керек, жол жағдайына келгенде Жаңақорған ауданы басқа аудандарға қарағанда едәуір жақсы деуге негіз бар. Оның үстіне, осы тау беткейдегі елді мекендердің ішінде осы өңірлердің жері де қолайлы. Бесарық бекетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына қосатын «Айнұр» мейрамханасына дейінгі жолды жөндеуге өткен жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 3 шақырымның 2 шақырымы жөнделді. Қалған 1 шақырымы биыл атқарылады.
Сонымен бірге жоғарыдағы айтыл­ған Темір жол көшесін орташа жөн­деуге биылғы жылға аудандық бюджеттен – 20,9 млн, осы көшені жарықтандыруға – 1,5 млн, Өркендеу көшесіне тротуар салуға – 3,8 млн, елді мекен тұрғындарына агроаймақ ашу үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындап, сараптамадан өткізуге – 800 мың қаржы бөлінді.
«УАД» ЖШС өткен жылы елді мекен­де 15-20 млн тұратын 1 шақырымды құрайтын жолға демеушілікпен асфальт салып берді. УАД ЖШС-нің Бесарық бекетіндегі жұмыс жасап жатқан техникалары салығын Бесарық бекетінің есебінен төленсе деген ұсыныс мекеменің басшылығына алынатын болды.
– Ал, ауылдың атауын өзгерту жөніндегі ұсыныс Заң аясында шешілетін болады. Елді мекен аумағындағы жайылымдық жерлерде жабылып қалған артезиан құбырларының ауызын ашу жөніндегі көтерген ұсыныс бойынша облыстан арнайы жұмысшы топ құрылып зерттеу жұмыстары жүргізіледі, – деді Р.Рүстемов.
Жалпы жасалынып жатқан жұмыс жүйелі, шағын бекеттегі барлық мәселелер аудан әкімінің назарында.
02 ақпан 2021 ж. 579 0