№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келінтөбеде келелі істер көп

Келінтөбеде келелі істер көп


Келінтөбенің бүгінгі келбеті айшықты. Сыр өңірі бойынша ең көп шаруа қожалық тіркелген елді мекен. Жалпы жыл өткен сайын ауыл тұрғындарының тұрмыстық әлеуеті артып, қайырымдылық шараларға басымдық бере бастады.

Ауыл әкімінің есебі әлеуметтік желіге шығарылғанын ескеріп, нақты атқарған және атқарылатын жұмыстарды жүйеледік. Руслан Рүстемұлы ауданға әкім болып келгенінде келінтөбеліктерден түскен 9 ұсыныс-пікір орындалды ма? Осыдан бастайық.
Төрт айда 3 ұсыныс толық шешімін тапты. Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе арасындағы жолдың қалған бөлігі жөнделді. 2017 жылы сатылып алынған трансформаторды орнатуға аудандық бюджеттен 700 мың теңге қаржы қаралды. Үшіншісі, аудандық бюджеттен «Құралай» бала бақшасын қоршау жұмыстарына 1,9 млн. теңге, жылу қазандығын жөндеп, оттығын алуға 1,5 млн. теңге қаржы бөлінді.
– Келінтөбе ауылындағы К-2 коллекторының және «Мұсаханов» магистралды каналының үстінен өтетін көпірлерді күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі ұсыныс бойынша «ҚазСушар» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Қызылорда филиалы басшылығының айтуынша, қазіргі таңда күннің суық болуынан көпірдің темір қоршауларын қойып жатыр. Күн жылыған көктем уақытында көпірді жөндеуден өткізіп беретін болады. 2021 жылдың бірінші жартысында толық жөндеуден өтеді.
Ал, К-2 коллекторының үстіндегі көпір еш жерде теңгерімде болмауынан бүгінгі күнге дейін қараусыз келген. Енді ауылдың әкімі теңгерімге алуға дейінгі құжаттарын жинап заңдастырып жатыр. Аталған құжаттар дайын болғаннан кейін «ҚазСушар» РМК Қызылорда филиалына ұсынылатын болады. Ауыл әкімі Жақсылық Әбілхайырұлы тұрғындарға қажетті мәселенің барлығына бірінші кезекте сіз жауаптылықта боласыз, – деп нақты тапсырма берді әкім.
Есеп беруде белгілі болғандай, 2020 жылы көтерілген ұсыныстардан бөлек тренажер алаңын орнатуға 5 млн, Ералиева көшесін абаттандыруға 6,3 млн, елді мекендегі аяқ су құбырларын алмастыруға 2,5 млн, Құнанбаев көшесіне тротуар салуға 2 млн теңге аудандық бюджеттен берілді.
Биыл қандай жұмыстар атқарылады. Ауыл әкімінің кеңсе ғимаратын бастау үшін биылғы жылға аудандық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінген. Қалған қаржысы жыл соңына дейін беріліп, құрылыс толық аяқталатын болады. Келінтөбе ауылының ішіндегі көшелер бойында орналасқан тұрғын үйлердің ауласынан өтіп тұрған жоғары кернеулі электр бағаналары мен желілерін ауыстыру үшін аудандық электр тарату торабымен келісім жасалды. Жоспарларына енгізген. 2021 жылдың бірінші жартысында шешімін табатын болады. Келінтөбе ауылындағы «К-2» коллекторының және «Мұсаханов» магистралды каналының үстінен өтетін көпірлерді күрделі жөндеуден өткізу жөніндегі ұсыныс бойынша қазір күннің суық болуынан көпірдің темір қоршауларын қойып жатыр. Күн жылыған көктем уақытында көпірді жөндеуден өткізіп беретін болады. 2021 жылдың бірінші жартысында толық жөндеуден өтеді екен.
01 ақпан 2021 ж. 489 0