Жаңақорған кенті жаңарып келеді
Бүгін Жаңақорған кенті әкімі Есдәулет Сейіловтің 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.
Жиынға қоғамдастық мүшелері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділері қатысты.
Алқалы кездесуде белгілі болғандай, 2020 жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Әсіресе көшелерді орташа жөндеу, тратуар салу, көше жарығы қойылды. Сондай-ақ Саяжай, МАИ бекеті, Қорғантоғай, Хорасан ата көшесімен қиылысатын қысқа көшелерге газ жеткізілді. Бәрінен бұрын, Жаңақорған кентінің бас көшелері – Аманкелді және Хорасан ата көшесі кеңейтіліп, қайта жаңғыртылды.
2021 жылы да атқарылатын шаралар көп. Соның бірі МАИ бекетіндегі 300 орындық мектеп пен №169 мектептің жаңа ғимаратын пайдалануға беру, кенттің бас көшелерінің бірі – З.Мұсаханов пен Құрманғазы көшесі орташа жөндеуден өтеді. Одан бөлек, Ипподром аумағындағы көшелер де жөнделеді.
Жалпы, жиынға қатысушылар әкім ісіне оң баға беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.