Тұрғындар атынан алғыс білдірді
Әкім бол, халқыңа жақын бол! Ескіден қалған есті сөз. Ұлағаттың мәнінен басшы-қосшылардың бұқарамен санасып, әлеуметтің мұң-зарыңа құлақ салу керектігін ұғынасыз. Бірақ басшының бәрі осы ұлағатты ұстана ма? Мәселе осында. Әсіресе сананы нарық билеп, құндылықтар әлісереген тұста әкім-қаралардың қаперсіз ісіне күйініп жүретініміз рас. Жә-жә! Ойдың жетегінде әкімдердің мінін теріп, астамшылыққа бармайық...
Жұмыс істесем, халықтың көңілін тапсам дейтін басшылар да жоқ емес. Арамызда жүр. Соларды орынды бағалай алып, рухани қолдап отыру адамдық міндетіміз емес пе?
Мұны неге айтып отырмыз? Руслан Рүстемовты бұған дейін де халықшыл істеріне, байыпты бастамалырына талай рет куә болғанбыз. Бұл жолы да сондай үдеден шығып, халықтың алғысына бөленді.
Мәселе мынады, бірнеше жылдан бері Жаңақорған кентінің белгілі учаскелеріне газ келмеген еді.
"Құдай-ау, Жаңақорған кентіне көгілдір отынның келгеніне алты жылға жуықтады. Бірақ әлі газ бармаған көшелер бар екен" деп әкім шұғыл шешім қабылдап, тез іске кірісіп, сала басшыларына нақты тапсырма берді. Нәтижесінде Саяжай аумағындағы 7, 8, 9, 10, көше, МАИ бекетіндегі 6, 7, 8, 9, 10, 11 көше және Санатория, Қорғантоғай, Жаңауыл, Алтыкрант, Хорасан ата көшесімен қиылысатын қуыс көшелер газға қосылды. Біз істің нәтижелі болғанына қатты қуандық.
Жердің бедері әртүрлі келмей ме? Саяжайдың 9, 10 көшесі ой (өзге көшелерден төмен) болып шықты. Биылғы қыс ызғарлы, қарлы болып тұр. Әсіресе, түнгі суықты қатты сезіндік. Бұған дарияға қалың мұз қатқаны дәлел. Қаншама жылдан бері көгілдір отынды күтіп жүрген 9, 10 көшенің тұрғындарына қыстың ызғары соққы болып тиді. Неге десеңіздер, бұл көшелерге күндізгі жылымықта су жиналып, түнгі аязда мұз болып қататын-ды. Соның салдарынан сол жердің астымен өтетін газдың құбыры да қатып, көше тұрғындары әбден әбігерге түсті...
Мұны естіген аудан басшысы көшеге арнайы барып, істі бағамдады. Сосын "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ басшыларына тікелей шығып, су соратын матормен қамтамасыз етуді сұрады. Жиналған суды уақытылы басқа жерге айдап, газ құбырының қатпауын қадағалады.
Кеше аудан әкімінің қабылдауына арнайы келген Досымжан Махмұд Саяжай аумағының 9-ші, 10-шы көше тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, әкімнің бастамаларына береке тіледі.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ