№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ГАЗДАНДЫРУ: ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІН 74 ПАЙЫЗ қамтыды

ГАЗДАНДЫРУ: ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІН 74 ПАЙЫЗ қамтыды


Елбасы ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған байыпты бастама. Баянды болашақ үшін жасалған нық қадам. Қоғамдағы ең өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға бағытталған Үндеуді қоғам қызу қолдауда. Әсіресе, Үндеуде ел тұрғындарының 50 пайызға жуығы газбен қамтамасыз етілгені айрықша аталды.
Оның ішінде, 9 облыста көгілдір отын тартылғаны сөз етілген. Яғни, Мемлекет басшысы бесінші бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» міндетін қойып отыр. Президент елімізде газ өндіру тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 млрд. текше метрге дейін артқанын айта келе, одан әрі де өсім болатынын жеткізді. Сондай-ақ, орталық және солтүстік өңірлер әлі күнге газсыз отырғаны айтылды. Мұның шешу жолы ретінде «Қараөзек (Қызылорда облысы)-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Астананы газдандыру Сыр елінен бастау алатын болды. Бұл өз кезегінде Қараөзек газ тарату станциясынан басталатын алып құрылыс жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, өңір экономикасына серпін әкелері сөзсіз. Айта кету керек, қазіргі таңда облыс халқының 63 пайызы табиғи газ тұтынуда.
Иә, бүгінде Елбасының пәрменді тапсырмасы мен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың саяси шешімімен облыста алғашқы ауданның бірі болып, Жаңақорған кенті көгілдір отынның игілігін көруде. Қазіргі таңда Жаңақорған кентінде пеш жағып, көмір іздейтіндердің қатары күн санап азаюда. Бұл бір жағынан, таудағы паялыш, құмдағы сексеуіл, дария жағасындағы тоғай ит тұмсығы кірмейтіндей ну болып, табиғи реттілік реттеліп, экологиялық ахуал жақсара түседі деген сөз. Осындай халықшыл жобаның іске қосылуы – Қазақстанның қуаттылығы мен болашақтағы перспективасын көрсететіндей.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Жаңақорған кентінде 3996 тұрғын үй көгілдір отын кіргізген. Яғни, бұл кент тұрғындарының 74 пайызы деген сөз. Оған қоса, 5 білім ордасы мен сауда дүкендерінен бөлек, 94 коммуналдық тұрмыстық нысандар газ игілігін көруде.
– Жаңақорғанға газ келгенде шынында қатты қуандық. От жағудың әлегін білеміз ғой. Отын бұтайсың, күл шығарасың, бітпейтін бір машақат. Міне, осындай көгілдір отынның жылуы отбасына да жылулық сыйлады. Жұртшылық өңір басшысының саяси шешіміне дән риза. Шүкір, аудан күн санап, қарқынды дамып келеді. Мұны ақпарат құралдарынан көріп-біліп отырмыз. Ең бастысы, ел пікірі ескеріліп, әлеуметтік мәселелер дер кезінде шешімін табуда. Бұл – дамуға бет алғанның айқын көрінісі, – дейді кент тұрғыны Гүлсім Үржанова.
Расында, Елбасының бес батамасы – елімізге жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік бағдарлама. Бастаманың барлығы да ең өзекті мәселелерді қамтыған. Алдағы уақытта жаңа жобалардың жүзеге асуы арқылы өңір экономикасының әлеуеті арта түсері айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.
27 наурыз 2018 ж. 1 343 0