» » ЖАҚСЫ ДЕГЕН ЖАН СЕМІРТЕДІ

ЖАҚСЫ ДЕГЕН ЖАН СЕМІРТЕДІ

​​​​Сөздің шыны ғой, ауданға сырттың адамы келсе сырын білмей сыр тарқата айтып, міңездеме беріп қоятынымыз бар. Аудан әкімі туралы да осындай ой болғаны рас.
Сөздің шыны ғой, ауданға сырттың адамы келсе сырын білмей сыр тарқата айтып, міңездеме беріп қоятынымыз бар. Аудан әкімі туралы да осындай ой болғаны рас. Қандай адам екен, қызметкерлерге қалай қарайды деген сауалға жауап іздеп сабылған да сезілді. Ей, не бітірер, уақытында көрерміз дегендер де болды. Бірақ бертін келе ол пікір мүлдем өзгерді. Айтқыштар мен білгіштер ойлағандай болмады. Халықтың сөзіне құлақ асатын, елмен етене болуды мұрат еткен кең жүректі, мінезді, парасат биік азамат екенін білдік, таныдық. Ауыл-ауылды аралап, халықпен бейресми кездесіп, мәселелерді біліп, әкімдерді тұрғындармен жиі-жиі дидарласуды міндеттеді.
Жақында Жаңақорған кентін аралады. Бұған дейінгі әкімдердің аяғы тимеген қуыс көшелер мен шеткі нүктеге дейін барып, сала басшылары мен кент әкіміне нақты талап қойды. Әрине орындалу деңгейін алдағы уақытта көрерміз. Біз уақыттың алдына түспейік. Бір білеріміз, әкім Нұр-Сұлтан қаласына арнайы барып, құзырлы органдарға жобасының маңызын дәлелдеп, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қомақты қаржы алуды межелеп кепті. Құдай сәтін салса, аудан орталығының шеткі аумақтарына өркениеттің лебі барып, жолды асфальттау, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Ең бастысы, орталық көшелерде жаңғырту, жаңарту жұмыстары қолға алынады.
Қазалыға жол түсіп, семинарға қатысып қайттық. Төмен жақтың жұрты Сұлтан Мақашовтың іскерлігіне дән риза. Қармақшыда шығатын басылымның редакторы ол туралы тауысы сөз қозғап, қордаланған мәселелерді сабырмен шешетінін айтты. Әсіресе, ауыз суға ден қойып, шешілу жолын тапқанын жеткізді. Қазалылық журналистер қауымыда оған іш тартып отыр. Қысқасы, артында жақсы сөз ерте алатын азамат екен. Туасы, жақсы сөз жан семіртеді деген рас-ақ. Әкіміңді ел мақтаса кәдімгідей көтеріліп қалады екенсің. Осындай басшымыз барда Жаңақорған ауданындағы соны серпіліс саябырсымайтынын сезіп отырмыз. Бұл белгілі болды.
Жаңақорған кентіндегі ең өзекті мәселе – ауыз су, екіншісі – тазалық. Осы екеуін шешуге әкім білек сыбана кіріспек. Бұған жұрт болып, ел болып демеу көрсетсек, алынбайтын қамал, бағынбайтын меже жоқ. Мұны жағыну үшін емес, елдік істе біріге еңбек етіп, абырой биігінен көрінуде қажет дүние болғандықтан айтып отырмын...
Сонымен, берекелі істе бірге болайық!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
13 қазан 2019 ж. 1 294 0