№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Халықшыл істерге демеу көрсетейік

Халықшыл істерге демеу көрсетейік

Ел дамыған сайын талап күшейіп, ауқымды міндеттерді орындау керектігі айқындалады. Яғни бәсекелестік арта түсетіні анық. Әсіресе әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды сапалы атқару маңызды саналады. Мұндай талғамнан шығу оңай емес. Елдің ақсақалы ретінде кешегі мен бүгінді саралайтын болақ, ауданға басшы болғандар аз емес. Бірақ солардың арасында өзіндік ісімен ерекшеленетіндер көп емес.

1975-1983 жылдары Жаңақорғанда басшылық еткен Ахметжан Жанпейісовтің есімі әлі күнге дейін халық арасында айтылып келеді. Оның себебі де түсінікті. Ол көпшіл, қарапайым, кішіпейіл болатын. Әрі әр істің бас-қасынан табылатын.
Расында Ахаң аяғына етік киіп күріштің суын кешуге арланбайтын. Совхоздардың тұрмыс-тіршілігімен жіті танысып, дала еңбеккерлерімен тікелей сөйлесіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп отыратын. Диқандар мен малшылармен дидарласып, оларды рухтандырып, істің өнімді болуын қадағалайтын...
Осындай мәнердегі істі Сұлтан Мақашовтың тәжірибесінен көріп отырмын. Ауданға әкім болып келісімен ауыл-ауылды аралап, негізгі мәселелерді анықтап, басымдығына қарай шешетінін айтты. Мұның шешілу жолдарын мемлекеттік бағдарламалар негізінде тапты да. Сөйтіп берген уәдесін орындауға кірісті. Мұның бәрін ауданның төл газеті – "Жаңақорған тынысынан" оқып, біліп отырмыз.
Жақында елді мекендердегі клуб үйлері мен мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, сын-ескертпелер беріп, бюджеттің қаржысы сапалы материалға жұмсалу керектігін ескерткені біздің көңілімізден шықты. Өте дұрыс. Қазір көп құрылыс объектілерінің сапасы сын көтермейді. Миллиондаған қаржы жұмсалған нысандар бір жыл өтпей-ақ сырын бере бастайды. Мұның бәрі бақылаудың өз деңгейінде жүргізілмейтінін деп ойлаймын.
Әрине, аудан басшысын мақтап, дәріптеу емес. Айтпағым, Ахаңның халықшыл ісін Сұлтан Ысқақұлының ісінен көруге болады. Жоғарыда айтқандай, аудан көлеміндегі іс-шараларды қолмен ұстап, көзбен көріп, ауылдық жерлердегі жаңадан салынып жатқан құрылыс объектілері жағдайын өз көзімен көріп, оның сапасымен, онда істеп жатқан құрылысшылармен кездесіп, мән-жәйді түсіндіре отырып, кемшін тұстарын атап көрсетіп, құрылыс объектісінің сапалы әрі дер кезінде аяқталуын талап етуі өте орынды. Себебі жаңа оқу жылы жақындап қалды. Карантиндік талаптарға байланысты барлық сыныптар оқымаса да ата-аналардың келісімімен бастауыш сынып оқушылары білім алатын болады. Ал құрылыс жүріп жатқан жерде жан-жақты білім алуға мүмкіндік болады ма? Мұны мердігер компаниялар назарға алып, құрылысты сапалы әрі мерзімінде беруге жұмысты жүйелей түсетін болар. Өйткені, әкім әр жиырма күн сайын бақылайтынын ескертті...
Ендігі мәселе – ауыз су мәселесі. С.Мақашов аудандағы ең күрделі мәселе ауыз су екенін қаперге алып, үй-үйге кіргізуге уәде етті. Бұған біз қуандық... Алайда ауыз су мәселесі өз дәрежесінде іске аспай жатқандай. Бәлкім, мердігер компания жауапсыздық танытып жатқан болар. Бұл жағдайды бақылауды күшейтпесе, іс аяқсыз қалады ма деп уайымдаймын.
Жаңақорған кентінің басты көшесі – Хорасан ата мен Аманкелді көшесін кеңейту, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны көңілге демеу береді. Бұдан бөлек, мектеппен байланыстыратын көшелерге жаяу жүргінші жолын салуы уақыт талабы екені даусыз. Атқарылып жатқан бастамалардың шырайын кіргізуде тазалықты сақтау маңызды деп ойлаймын. Бұған аудан тұрғындарды да атсалысуы тиіс екені ақиқат. Яғни көше-көшеге көшет отырғызып, көгеруіне мән берсе. Мұны халықшыл басшы жіті қадағаласа деген ой бар.
Ал тазалық жөнінде көшелерге қоқыс жәшіктерін орнатып, оның жауапкершілігін арттыру үшін мән бермеген азаматтарға айыппұл салуды қарастырған артық болмас еді.
Қорыта айтқанда, аудан көлемінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тек халық болып халықшыл істерге демеу көрсетсек, істің сапасы арта түсер еді.

Мұзарап МАХМҰДҰЛЫ,
Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы

15 тамыз 2020 ж. 519 0