№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар – үміттің жанған шырағы

Жастар – үміттің жанған шырағы


Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда көп ілгерілеу бар. Соның қатарында білімгерлерді кәсіби даярлыққа баулу мәселесі де маңызды. Осы бағытта бұған дейін кәсіптік мектеп, лицей аталып келген, ал қазірде, колледж деңгейінде шәкірт тәрбиелеп жатқан оқу-өндірістік орталықтар жағдайы талапқа сай ма?


Осы тақырып аясында ой бөліскен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы Айткүл Абдіғапбарова былай дейді:
– Оқу-өндірістік орындарының аты ғана емес, заты өзгергенде заман талабына сай мамандар тәрбиелеп шығара аламыз. Кешегі Кеңестік кезеңде техникалық мамандықтар даярлайтын училищелердің материалдық-техникалық базасы бай болды. Бірақ, ауылдық жерлерде кадр тапшылығы аяққа бір тұсау болса, екіншіден, техникалық кәсіпке деген көзқарас төмен еді. Мектептерде кәсіптік өндірістік оқу орнына үлгерімі нашар оқушы бару керек деген қасаң қағида талай түлектің өмірге толыққанды бейімделуіне кері әсерін тигізгені өкінішті.
Өндіріс алға дамуы үшін техникалық мамандықтарға сұраныс күн сайын артып отырған бүгінгі күні де бұл тақырып әлі өзекті. Осы бағытта жергілікті жерде техникалық оқу орны мен жоғарғы оқу орнында оқитын түлектерге үздіксіз білім беруді жалғастыру үшін арнайы бағдарлама түзуде колледж бен университет оқытушыларының біріккен оқу-әдістемелік бағыттары маңызды. Осы жағдайда колледж студенті жоғары оқу орнында білім алуды екінші курстан бастап жалғастыра алады.
– Осындай талап үдесінен шығуда Жаңақорған агроколледжі жағдайына қандай баға берер едіңіз?
– Мен туған жердің түлегі ретінде арнайы келіп, оқу өндірістік орнының тыныс-тіршілігін үнемі назарда ұстап келемін. Ереже бойынша әрбір пән кабинеттері компьютермен, интерактивті тақтамен жабдықталуы тиіс. Оның қабатында міндетті түрде оқу шеберханалары жұмыс жасауы қажет. Дуалдық білім беру дегеніміз осы. Материалдық база және мұғалім квалификациясы талапқа сай болмағанда мектепті колледж деңгейіне жеткізу қиын. Түлектер ең алдымен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауы шарт. Ол үшін білімгерлер арнайы формамен қамтамасыз етілуі тиіс.Жаңақорған аудандық агроколледжінің қазіргі жағдайы көп ілгері. Күрделі жөндеуден өтті. Ең бастысы, оқу кабинеттері талапқа сай жабдықталуда. Айналып келгенде, іс тетігі – ұйымдастыруда. Заман ағымына сай істі жаңаша бағытқа бұруда жас басшы Жомарт Шәуеновтің еңбегі айтарлықтай болса, оны қолдап отырған аудан басшыларының еңбегі зор.
Ендігі міндет – үздік оқитын оқушыларды көптеп тартып, келешек жетекші өндіріс салаларында бесаспап маман тәрбиелеуде қабілетті жастардың келуіне насихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Түйін. Бүгінде ауылшаруашылығына мамандар дайындаудан гөрі агроөнеркәсіпті ғылымиландыру арқылы игілік пен табысқа жету бағытында жаңашылдықтарды меңгеруге ден қойған беделді оқу орнында ұзақ жыл абыройлы қызмет атқарып келе жатқан ұстаз тілегі осы. Бұл бағытта келешек үмітіміз – жастарға сенім зор.

Баян ҮСЕЙІНОВА
19 қаңтар 2021 ж. 474 0