Төтеншеліктер мыңнан астам үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты
Аймақта жылу беру маусымы басталғаннан төтенше жағдай департаментінің мамандары аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын 1048 тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов мәлімдеді.
Жалпы, маусым басталғалы өңірде 117 өрт оқиғасы орын алды. Ал соңғы 10 күндікте 19 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде, үш газ баллоны жарылды.
- Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 891 обьекті тексерілді. Тексеру барысында 2288 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 592 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Өңірде жылу беру маусымы аяқталғанға дейін әр аптаның сенбі күні «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» болып жарияланған болатын, - деді Бақтияр Маханбетжанұлы.