Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады


03 қаңтар күні сағат 20: 00-де облыс орталығында екі автокөлік соқтығысып, жол – көлік оқиғасы орын алды. Жол – көлік оқиғасынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, сот шешімімен 2019 жылдың 12 ақпанында ол 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған болатын. Алайда, бұған қарамастан бұл азамат мас күйінде қайта көлік тізгіндеген.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Бұл орайда, жол - көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
05 қаңтар 2021 ж. 922 0