Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік құралын масаң күйде басқарған тұлғаларға қолданылатын жаза қатаңдатылды

Көлік құралын масаң күйде басқарған тұлғаларға қолданылатын жаза қатаңдатылды


2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізушілердің көлік құралын алкогольді, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін қолданылатын жаза күшейтілді.
Бұрын көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған адамға тек үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, қазіргі өзгерістерге сәйкес 15 тәулік әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Ал дәл осы әрекетті жасап, жәбірленушінің мүлкін бүлдіруге немесе денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген жағдайда 20 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылуы мүмкін.
Осы өзгерістерге сәйкес 2020 жылдың қаңтар айында Жаңақорған аудандық сотында өзіне қатысты іс жүргізілген тұлғалар   М мен  Е-ге қатысты әкімшілік істер қаралды.
Сотта анықталғандай, жүргізуші  М. 2020 жылдың 24 қаңтары күні  көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағының талаптарын сақтамай, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Іс құжаттарына тіркелген алкогольді масаю күйін анықтау туралы медициналық қорытындысына сәйкес, өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға М. «жеңіл» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған. Одан басқа оның әрекеті өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға  М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып,  15  тәулікке  әкімшілік қамаққа алынып,   көлік құралын басқару құқығынан 7  жыл мерзімге айырылды.
Ал аудандық сотпен Е-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен қаралған  әкімшілік іс бойынша  сотта Е-нің 2020 жылдың 20 қаңтары күні   көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушілердің  көлік құралдарына мүліктік зиян келтіруге әкеп соққаны анықталды. Оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың қорытындысымен, жол-көлік оқиғасы сызбасымен, өзінің,  жәбірленушілердің түсінігімен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Сот өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға Е-ні  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып,  20 тәулік әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралын басқару құқығынан 7  жыл  мерзімге айыруға қаулы етті.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
28 қаңтар 2020 ж. 866 0