№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІКТІ БАСҚАРУ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІКТІ БАСҚАРУ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ

Соңғы жылдары мас күйінде көлікті басқарып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарған 60 адам әкімшілік жауапкершілікке  тартылып, сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Масаң күйде көлік жүргізу біріншіден, қоғамдық тәртіпті бұзса, екіншіден, сол жасаған әрекеті үшін қатаң жазаға тартылады. Алдын алмаса жол-көлік оқиғаларының орын алып, адам өлімімен аяқталып жататыны жасырын емес.
Жуырда Жанақорған аудандық сотымен ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Атап айтқанда, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару фактысы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Іс құжаттары бойынша, азамат М. полиция қызметкері құжат тексеру барысында тоқтатып, нәтижесінде медициналық сараптама жасатуды жөн деп табады. Медициналық куәландыру қорытындысына сай, азамат М. көлікті масаң күйде басқарғаны анықталады. Сот отырысында азамат М. кінәсін толық мойындап, ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жөнінде шешім шығарылды. Сондай-ақ  7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қоса тағайындалды.
Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне масаң күйде басқару салдарынан орын алады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл – өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті.
31 шілде 2020 ж. 600 0