№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ең үлкен құрмет – елдің көңілі

Ең үлкен құрмет – елдің көңілі

Тегінде кісіні өмірлік мамандыққа мінез жетелейді. 1982-1983 оқу жылында аудан орталығында жаңадан ашылған №125 мектептің бастауыш сыныбына ұстаздыққа келіп, содан күні бүгінге дейін жұмыс жасап келе жатқан тәлімгерлер қатарында осы екі құрбының есімі айрықша аталады. «Баламды Рәбиғаның сыныбына берсем деп едім  немесе Зүбайраның қолынан тәлім алған баламның тәрбиесі өте жақсы болып өсіп келеді. Кейінгі ұл-қызымды да осы апайы оқытса екен деп басшылыққа өтініш айтқалы отырмын» деген ата-ананың қалауына қарап киелі мамандықтың қадірін арттырған қос ұстазға деген құрметіміз бұрынғыдан да арта түскендей.

Бастауыш сыныпқа сабақ беру – болашақ Адам болмысының тұғырын тіктеумен бірдей дер едік. Өйт-кені адамдық әліппесі мектептегі алғашқы күннен басталады. Балаға күнбе-күн қағаз-қаламы толтырылған сөмкені арқалатып жіберу бір басқа, сәби қиялында айнала әлем туралы бір ұшқын ұғым ұялата білудің орны бір бөлек. Жаны жібек, көңілі зерек, ойы ұшқыр ұстаз ғана осы мәрені, мәртебені бағындыра алса керек. Енді 3-4 жылды артқа тастаса қасиетті мамандықты ұлықтап келе жатқандарына қырық жылға толатын жан дүниесі егіз екі ұстазды бір-бірінен бөліп, ажыратқымыз келмей отырғанымыз да содан.
Аудан білім бәсекесінде топты жарып, туған жердің мерейін биіктетуге ұмтылған ұландар қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. «Алтын белгі» және Үздік аттестат иелерін алға оздырған пән мұғалімдерін ғана емес, осы түлектерге бастауыш сыныпта білім берген ұстаздарды да ұмытпай, ұлықтау жағына соңғы кездері аса мән беріліп келе жатқаны қоғамнан да қолдау тауып отыр. Бұл жөнінде біздің кейіпкеріміздің де айтары бар.
– Мектебімізді «Алтын белгіге» тәмамдап, бүгінде Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінде оқып жатқан Тасболат Жанерке атты шәкіртіміздің бастауыш сыныптағы ұстазы ретінде марапатталып, осы жылдың қаңтар айында еліміздегі осындай жетістікті иеленген әріптестеріммен бірге Нұр-Сұлтан қаласына туристік жолдамамен сая-
хат жасап оралғанымды мақтаныш санаймын. Бұл мемлекетіміздің еңбегі адал ұстаздарға көрсетіп отыр-ған зор құрметі деп білемін, – дейді №125 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зүбайра Байқожақызы. Бұл сапарға осы мектептің бастау-
ыш сынып мұғалімдері Артықова Рахима және Құралай Атақожаева да ілігіп, өздерінің қажырлы қызметінің қайтарымына қауышқанын мәртебе тұтады.

Жақсы ұстазға әрбір оқу жылының еншілетер сыры да, сыйы да көп. Күн сайын жаңарып жатқан жаңа технология талаптарын жетік меңгеруі арқасында аудан, облыстық білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталған қос педагог Зубайра Баязитова мен Рабиға Пиренова осыларды тізбелеп мақтанудан бұрын тағдыр еншілеткен абыройды артық көретінін жасырмайды. Бұл кісіге оңайлықпен келетін жетістік емес, жылдар бойы тамшылатып төккен тердің нәтижесі. Олар үшін ең бастысы – нешеме өткелекті бастан өткерсе де өздеріне деген бір мысқал өзгермеген елдің көңілі.

Баян ҮСЕЙІНОВА
09 желтоқсан 2020 ж. 325 0