№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір шаңырақтағы қос ұстаз

Бір шаңырақтағы қос ұстаз

Елдің келешегі кемелді болуы жастарға байланысты десек, оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Осы ретте, білім саласына қатысты реформаларды сәтті жүзеге асыруда Ерлан Қалилаұлы да еңбектенуде. Ал оның жары Нұргүл Бегімбетова жастардың ағылшын тілін меңгеруіне үлес қосуда.
   
Айтқандай, бір шанырақтағы қос ұстаз да ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ерлан Қалилаұлы Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бойынша білім алады. Ал Нұргүл Бегімбетова Алматы қаласындағы Дарын әлеуметтік-гуманитарлық институтында ағылшын тілінен дипломын алды.
– Мектепте Нағима апай ағылшын тілінен сабақ берді. Оның тілді үйретуі қызықты болатын. Содан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі боламын дегенді мұрат еттім. Бүгінде бала күнгі арманым орындалған бақытты ұстазбын, – дейді Нұргүл апай.
 Бүгінде мектептер жаппай жаңартылған білім жүйесіне көшті. Бұл баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсендігін қалыптастырады. Мұғалімнің еңбегі баланың білімі арқылы өлшенеді. Бұл тұрғыда қос ұстаздың да жеткен жетістігі көп. Шәкірттері халықаралық «British bulldog» конкурстан, www.nio.kz ұйымдастырған байқауда Oxford Vision ғылыми жобадан жүлделі болды.
Сыныпқа жетекшілік ететін мұғалімнің бұған дейін бітірген шәкірттері де грант иегері болып, түрлі мамандықтар бойынша білім алуда.
Қолы қалт етсе кітап оқып, ой-танымын арттырғанды жөн деп санайтын мұғалімдер отбасы хакім Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген өсиетін өмірлік ұстаным еткен.
– Шәкірті өзінен озған ұстаздың еңбегі ақталғаны. Өйткені қазіргі өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Қытай философының «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы көп нәрсені ұқтырып тұрғандай. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов
айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасаған мұғалімнің бейнеті еш кетпейтіндігі анық, – дейді ұстаздар.

Біз де, талмай ізденуді мұрат етіп, мемлекеттің даму саясатының мықты насихатшыларының еңбегіне табыс тіледік.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
08 желтоқсан 2020 ж. 487 0