№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨП ТІЛ БІЛГЕН КӨШТЕН ҚАЛМАЙДЫ

КӨП ТІЛ БІЛГЕН КӨШТЕН ҚАЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», деп мектеп ұстаздары жаратылыстану пәнін ағылшын тілінде жүргізуді тапсырды. Мұндай талап биігінен №163 мектебінің биология пәні мұғалімі Гулмира Кадырованы көруге болады. Біз жаңашыл ұстазбен жолығып, үш тілді білудің артықшылығын білдік.

– Жаһанданған әлемде ағылшын тілі басымдыққа ие. Бүгінде технология, ғылым, ақпарат ағылшын тілінде тарауда. Сондықтан, әлемдік қатынас тілін меңгеру маңызды, – деп бастады әңгімесін ұстаз.
Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беретін ұстаздың ағылшын тілін меңгеруге деген талпынысы таңғалдырды.
– Елбасы айтқандай, тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мұндай үрдістен қалуға болмайды. Шет тілінде білім беретін дәрежеге қол жеткізем деген мұратым шындыққа айналып келеді, – дейді Гүлмира Ұзақбайқызы.
Алғашында сөздіктер арқылы сөздік қорымды байытуға тырысып, ізденген ұстазды мектеп басшылығы қолдап, арнайы курста ізденуіне мүмкіндік жасайды. Мектеп ұстаздарының арасынан таңдалып жіберілгендіктен, жауапкершілік жүгі ауыр-тұғын. Осыны сезінген креативті ұстаз көп уақытын ағылшын тілін меңгеруге бағыттайды. Нәтижесінде, биология пәнінен факультативті сабақтарды ағылшын тілінде жүргізе бастады.
– Біздің мектепте ұстаздардың жұмыс жасауына жан-жақты жағдай жасалған. Мәселен, биология кабинетіндегі 20 компьютерге интернет қосылған. Яғни, ағылшын тілінде сабақ жүргізуде көрнекі құралдарды қолданып, сабақты жүргізуді жеңілдетеді. Оның үстіне, Гүлмира Ахметжанова, Бақыт Тоғызбаева сынды ұстаздардан тәлім алған оқушылар ағылшын тіліне жеттік. Ондай оқушылармен сабақ жүргізу тиімді, – деді кейіпкеріміз.
Елу жасты алқымдаған мұғалім жүрексінбей, мақсатты түрде ағылшын тілін меңгеруі әріптестеріне үлгі-өнеге екені анық. Мұны әріптестері де мойындайды.
– Гүлмира Ұзақбайқызы танымы кең, ойы озық ұстаз. Қашанда белсенді, бастамашыл қасиетімен ерекшеленіп жүреді. Аудандық биология бірлестігінің жетекшісі ретінде ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға мән береді. Әсіресе, жаңа білім парадигмасы бойынша баланың білімін, білігі мен дағдысын қалыптастыруға басымдық беруде, – деді №163 мектептің директоры Күланда Жақыпбекова.
Әлемде бизнес, экономика, ғылым, ақпарат тілі тұрғысында ағылшын тілі озық. Сондықтан, Қазақстанда ағылшын тілін оқытатын курстардың неше түрі ашылды. Орта мектептерде жаһандану тілінің сағаттары көбейді. Бірнеше жылдан бері бірінші сыныптан бастап, ағылшынша оқытуды жолға қойылды. Әрине, бұған үркей қарағандар аз емес.
– Ата-бабалардан «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген ұлағат қалған. Расында, жастар шет тілдерін білмесе, кәсіби өсу үшін қажетті ақпаратты алудан қалады. Көп тіл білу артықшылық, ондай адам қашанда көштен қалмайды, – деді жаңашыл ұстаз.
Президент Н.Назарбаев әлемдік өркениет үдерістерінің шамасы мен бағытын дәл түсініп, қазақстандық­тардың неғұрлым көп тіл білген сайын елдің бәсекеге қабілетті болатындығын тереңінен ойластырып айтқан пікірлері уақыт өткен сайын өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Мұндай талап үдесінен біздің ұстаздардың көрінуі қуантады. Ұстаз – ұлт болашағының айнасы десек, оқытушылардың шет тілдерін меңгеріп, тәлімгерлеріне сапалы білім беруге деген талпынысы құптарлық жайт.

Лаура БИБАСАРОВА.

23 ақпан 2019 ж. 1 076 0