№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерекелік медаль өз иесін тапты

Мерекелік медаль өз иесін тапты


Түркістан облысынан Жаңақорғанға Есенәлімұрат Ізтілеуов, Сыздықбек Тұраров, Мейрам Әлмаханов есімді азаматтар арнайы келді. Қонақтар С.Қожанов атындағы қайырымдылық қор президенті Мұқан Әбдіраманұлының аманатын арқалап келіпті.


Жаңақорған ауданы әкімдігінде шағым құрамда ауданның белді, беделді, белсенді тұлғалары жи­налды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Ілиясов сөз тізгінін ұстап, қонақтармен таныстырды.
Басқосуды ел ағасы Зинабдин Шермағамбетов ашып:
– Алаштың көрнекті тұлғасы Сұлтанбек Қожановтың қайраткерлік қажыр-қайраты, азаматтық бітім-бол­мысын дәріптеу аса маңызды іс. Жаңақорған ауданы үшін Садықбек Сапарбаев, Нәзір Төреқұлов, Серқұл Алдабергенов, Сұлтанбек Қожанов ортақ тұлға. Соның айқын дәлелі, Жаңақорған кентінде бір көшеге, Ақүйік ауылдық округіндегі мектепке қайраткердің аты берілген, – деді.
Одан кейін Түркістан облысы ардагерлер кеңесі төрағасының мін­детін атқарушысы Есенәлімұрат Ізтілеуов, қордың белсенді мүшесі Сыздықбек Тұраров «Сұлтанбек Қожановқа 125 жыл» мерекелік меда­­лін әкелгенін, оны қоғам белсендісі, ел ағасы Алшынбай Тұртановқа табыстады. Ал мәслихат хатшысы Ерғали Орманұлына «Алғыс хат» ұсынды.
Елдік істерге белсенді ара­ласып, өзіндік ұстанымы, кемел көзқарасымен ерекшеленетін Алшын­бай Тұртанов ағамыз ел зиялыларымен етене араласып жүреді. Қоғамдық істерге белсенді араласып, қайырымдылық шара­ларға дем беретінімен белгілі. Ауданға қоғам қайраткері Хасан Орал­тайдың келуіне тікелей мұ­рын­дық болғанын жұрт жақсы біледі. Одан бөлек, ауданға кел­ген ғалымдар мен жазушылар ел ағасының шаңырағына соғып, салихалы басқасулар өткенін талай рет куә болғанбыз. Сондықтан мерекелік медаль өз иесін тапты деуге болады.
Кездесуді қорытындылаған Жаңа­­қорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов:
– Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов алты алашқа ортақ тұлға. Мәскеу төрінде Тұрар Рысқұловпен бірлесе ұлттың ұпайын түгілдеуге үлес қосты.
1925 жылы 19 сәуірде Ақмешіт қаласында Бүкілқазақтар Кеңесінің V-съезі өтті. Съез қорытындысы бойынша Қазақстан астанасын Орын­бордан Қызылордаға көшірді, сосын "ырғыз-қайсақ" атауынан арылып, Қазақ АКСР-інің қайта құ­рылды. Бұл оқиғалардың астарына үңілсеңіз, Қазақстан территориясын толық біріктіріп, оныӊ шекарасын белгіленді. Неге десеңіз, бұған дейін Жетісу және Сырдария облысы Түркістан Республикасыныӊ құрамында болды. Яғни осы аумақтар қайта қосылды.
Осы істерге белсенді араласқан Сұлтанбек Қожановты саяси технолог болғанын көруге болады. Қазір «Қызылорда» атауын Кеңестер үкіметінен байланыстыратындар көп. Оның мәні тереңде жатыр. «Қыздың көзі қызылда» деген мәтел бар. Осындағы "қызыл" сөзі көне түрік тілінде «алтын» деген мән-мағына береді. Яғни қайраткер Қызылорда атауын таңдағанда Алтын Ордамен байланыстырған деуге болады.
Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі қызметін атқар­ғанында Бүкілқазақтар Кеңесінің V съезі өткен ғимараттың сызбасын архив­тен тауып, қайтадан қалпына келтіруді тапсырды. Көп ұзамай Сырдария өзенінің сол жағалауында тарихи нысан бой көтерді. Онда Сұлтанбек Қожанов бастаған қайрат­керлердің есімі жазылған ескерткіш тастар қойылды, – деді.
Айта кететіні, ғалым, жазушысы, драматург Жолтай Әлмашұлы мемлекет және қоғам қайраткері С.Қожанов жайлы роман жазды, ғалым Шәріп Амантай дипломдық, кандидаттық, докторлық диссер­тациясын Қожановтану тақырында қорғап, тарахи тұлғаның еңбегін ғылыми айналымға енгізуде еңбек сіңірді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
23 қараша 2020 ж. 598 0