» » Есімі ардақталған арда азамат

Есімі ардақталған арда азамат

Мемлекет жəне қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай Бірлік ауылындағы С.Қожанов атындағы N55 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық мəдени шара Бірлік клуб үйінде жалғасын тапты.

Шара мемлекет қайраткеріне арналған бейнефильм көрсетумен басталды. Әрі қарай жастардың өнерлерімен жалғасты.Онда олар өлең жолдарын мәнерлеп оқып, көпшіліктің жүрегіне жеткізді. Би, əсем əуендер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретəлі Тұрсұн, өнертану ғылымының доценті Сауран Елеуов, Қызылорда қаласының құрметті азматы Сексенəлі Раханов т.б.ардагер ұстаздар Қожановтың өмір жолын сөз етіп, жас ұрпақ шығармашылығынан сыр шертті. Шара аясында ұйымдастырылған "Сұлтанбектану жобасы", "Жас ақындар мүшайрасы", "Эссе жазу" атты додаға қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектеп директоры Айнұр Ералықызы шараға қатысқан зиялы қауым өкілдерін аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтың алғыс хатымен марапаттап, ұжымның атынан сый-сияпаттар табыстады. Шараға белсене атсалысқан біршама ұстаздар да алғыс хаттармен марапатталды.
31 қазан 2019 ж. 678 0