» » Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі

Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі

Аудан басшысы екі айдың ішінде екінші рет ауылдық округтерді аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектері қандай деңгейде атқарылып жатқаны жөнінде талқылады.

Алдымен Жайылма ауылдық округіне тоқтады. Бұған дейін Жайылма ауылдық округінен екі ұсыныс көтерілген-ді. Екі ұсыныстың көтерілгені бірінші рет емес. Екеуі де орынды ұсыныс. Екеуінің де жоба сметалық құжаттары дайындалып, жоба құны анықталған. Осы уақытқа дейін мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында салынатын болып келген. Алайда аталған бағдарлама басымдықтан алынып тасталды. Бірақ біз қарап отырған жоқпыз. Биылғы жылға «Ауыл ел – бесігі», Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламалары аясында ауданға көптеген әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеу, орташа жөндеу, жаңадан салу құрылыстары үшін қаржы тартылды. Соның нәтижесінде Шалқия кентінен 150 орындық клубтың құрылысы басталды. Ал, жоғарыда айтылған бағдарламалар бойынша жоғарғы бюджеттерден қаржы тарту үшін аудандағы дайын жобаларды 2021 жылға ұсынылады.
– Қаржы тарту уақытында ең өзек­ті деген нысандар бойынша тізім жасалатын болады жыл соңына дейін. Елді мекендердегі көтерілген пробле­­малық үсыныстардың өзектілігі салыс­тырылатын болады. Мысалы Өзгент ауылындағы клубтың жағдайы өте төмен. Оның ішіне адам кіруге болмайды. Қай күні құлап қалатыны белгісіз. Сондықтан ауданға бір клубқа қаржы берілетін болса, басымдық Өзгент ауылына беріледі. Дәл сондай жағдай балабақшаға да байланысты. Өйткені халық санының көптігі, ондағы балалардың қамтылуы бойынша Жаңа­қорған кентіндегі 140 орындық, Бесарық, Сунақата елді мекендеріндегі балабақшаларға басымдық беріледі. Биылғы жылға Ақүйік ауылындағы бала­бақшаның құрылысы басталып жатыр. Ал, жеке кәсіпкер заманға лайықтап балабақша ашатын болса, оған мемлекеттік тапсырыспен баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етуге болады. Сондықтан жоғарыдағы жағдайларды дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Сіздер­дің клубтарыңызда, балабақшаларыңыз да Өзгенттегі клубпен, Бесарық пен Сунақатадағы балабақшалардың ғима­ратымен салыстырғанда жағдайы әлдеқайда жақсы деуге болады, – деді аудан басшысы.
Жайылмада шешімін табатын игілікті істерге тоқталар болсақ, С.Бөкеев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар қойылатын болады. Оған қаржы аудандық бюджеттен бөлінді. Тек ауыл әкімі қажетті жұмыстарын жүргізіп, қаржыны мерзімінде игеруі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржы алу үшін Мырзатай, Тасарық, Жүсіпов, Оспанов, Бөкеев, Өтеш, Құдияров, Жиделі, Шыңырау көшесін жөндеу жобалары ұсынылды.
Қыркүйек айында Руслан Рүстемов Сунақата ауылдық округіне келгенінде 10 ұсыныс көтерілген еді. Оның ішінде, бір ұсыныс толық шешімін тапты. Яғни ауылдық клубқа музыкалық аппа­ратуралар алуға қаржы қаралды.
Көтерілген ұсыныстан бөлек осы жылдың қазан айында өткен аудандық сессияда Ә.Сүлеймен, Ж.Түлкібаев, М.Мәметова және Тәуелсіздік көшесіне тас төсеуге 2 млн. 637 мың теңге және 2 көшеге күн сәулесінен қуат алынатын жарық шамдар алып орнатуға 1 млн 660 мың. теңге бөлінді.
Екіншісі, ауылдағы ауыз су мәселесіне байланысты көтерілген ұсыныс бойын­ша биыл аудан бюджетінен 30,7 млн. қаржы бөлініп Сунақата, Еңбек, Екпінді, Төменарық елді мекендеріндегі сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту объектісі» бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Дайын­далған құжаттар негізінде алдағы жылдары жоғары тұрған бюджеттерден құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы сұралатын болады.
Үшіншісі, интернет желісінің жыл­дам­дығын арттыру, ұялы байланыс желілері жөнінде аудан бойынша 10-нан аса елді мекендерде көтерілді. Бұл қызметтің түрі бәсекелестік ортаға берілген қызметтің түріне жатады. «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ интернет желісін жүргізуде.
– Өткен айдың ішінде екі мекеменің аудандағы өкілдерімен кездесіп сөйлес­тім. Аудан көлеміндегі интернет желісінің жылдамдығын арттыру мақсатында қол­дағы барлық мүмкіндіктерді пай­дала­нып жатырғандығын айтты. Осы жылдың аяғына дейін «Транстелеком» акционерлік қоғамы Аққұм, Қосүйеңкі, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Қожакент, Қан­дөз, Қаратөбе, Шалхия елді мекен­­деріне ұялы байланыс желілері арқылы 4G, 3G интернет желісінің жыл­дамдығын арттыратын болады. Ал, аудан көлеміндегі көпшілік ауылдардағы баяғы «Қазақтелеком» акционерлік электро монтер мамандары қысқарып кеткен. Сондықтан табиғаттың қолайсыз жағдайларында туындайтын дауылдың, жауынның салдарынан жарықтың сөнуі кезінде автоматтық телемехеника байланысы (АТС) жарықтан ағытылып қалып жатады. Сол уақыттарда интернет желілері болмай қалады. Сондықтан елді мекендердегі қысқарып кеткен «Қазақтелеком» АҚ-ның мамандарын қайтаруға жұмыс жасайтын боламыз. Егер заңдылықтарына сәйкес келіп жатса, жаңа жылдан бастап шешімін табатын болады. Содан кейін қосымша атқарылған жұмыстар бойынша хабардар ететін боламын, – деді Руслан Рүстемұлы.
Төртіншісі, ауылдағы электр энер­гиясының қуаттылығының төмендігі жөнінде аудан бойынша бүгінгі таңға электр қуатының бағаналары мен желілерінің 70 пайызы тозығы жет­кенін болжауға болады. 1965-1970 жылдары қойылған бөрене бағаналар. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі кездесіп жатады. Тозығы жеткен электр желілерін жөндеуге сәйкес ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаттарын бірге, облыстық бюджеттен 2021 жылға қаржы қарастырылуда. Мұндай жағдай Екпінді, Қожамберді, Төменарық, Құттықожа елді мекеніне тән.
Бесіншісі, Сунақатада салынып жат­­қан тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымына қаржы бөлу жө­нін­дегі ұсыныс бойынша ауыл әкімі инфрақұрылым тартылатын көшеге қажетті жұмыстарын тұрғын үй ком­муналдық шаруашылығы, жолау­шылар тасымалы және авто­мо­биль жолдары бөлімімен бірлесіп, алда­ғы жылдың бюджетінен жоба сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті қар­жысын дәйектеме құжат­тарымен бірге бюджеттік өтінім тап­сыруы керек.
Алтыншысы, мектептің алдындағы көшеге жол белгілерін орнату жөніндегі ұсыныс бойынша ауыл әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және авто­мобиль жолдары бөлімімен бірлесіп заң нормаларының аясында атқаруы тиіс.
Сондай-ақ «Айгүл» балабақшасы ғимаратының талапқа сай болмауына байланысты жанынан қосымша бөл­мелер салу, ауыл әкімшілігінің ғимара­тын салу және т.б қажеттіліктер орта салынды.
Екпінді ауылдық округінен үш ұсыныс көтерілген. Үшеуі де тұрғындардың тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Соның ең бастысы, ауылға кіреберіс көпірді жөндеп, астындағы қашыртқыны тазалап беру.
– Көпірді реконструкциялау жоба­сына сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны – 119 млн. 969 мың теңге. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылған. Осындай жөндеуді қажет ететін ауданда 3 көпір бар. Олардың тізімдері жасақталып, тиісті басқармалар арқылы жұмыс жасалуда. Биылғы жылға облыстық бюджеттен 175 млн. теңгенің жобасында қаржы бөлініп, Жаңарық ауылының тұсындағы Сырдария өзенінің арғы бетіндегі 11 елді мекен тұрғындарының ауданмен қатынасына тікелей әсері бар көпір жөнделіп жатыр. Қараша айының соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады. Ал, сіздердің елді мекенге кіреберістегі көпірлеріңіз биылдан бастап қаржыландырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламалар тізіміне енгізіліп, жоға­ры тұрған бюджеттерден қаржы тарту жұмыстары жүріп жатыр. Егер қаржысы келіп жатса алдағы жылға жөнделетін болады. Ал, көпірдің астындағы К-3 қашыртқысы Шиелі ауданының теңгерімінде. Бұл сұрақ аясында К-3 қашыртқысының ауданымыздағы бөлігін тазарту мақсатында іздестіру-жобалау жұмыстары жүргізіліп, жер жұмысының көлемі анықталып «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіп­орнының Қызылорда филиалына К-3 қашыртқысын тазарту үшін ақау Актісі жолданған, – деді ауданның бас менеджері.
Енді көтерілген ұсыныстардан бөлек осы жылдың қазан айында өткен аудандық сессияда Б.Алмасбаев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар орнатуға 904 мың. теңге қаралды. Жыл соңына дейін ауыл әкімі заң аясында орнату жұмыстарын жасайтын болады. Одан бөлек Б.Алмасбаев көшесін асфальттауға қаржы алу үшін 2021 жылға жоғарыдағы айтылған бағдарламалар тізіміне енгізіліп, жоғары тұрған бюджеттерге ұсынылды. Алдағы жылы қаржысы келіп жатса, көше жөндеуден өткізілетін болады.
Қыркүйек айындағы елді мекендерді аралау Қожамберді елді мекенінде ұсы­ныс көтерілген жоқ. Алайда өткен жылғы есепті кездесулерде, облыс әкімінің іс-сапары барысында көтерілген мәселе елді мекеннің аяқ сумен қамтылуына бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Ол Қожамберді ауылын толықтай аяқ сумен қамтамасыз ету үшін М-2 каналын тазалау жұмыстарына облыстық бюджеттен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бағыныстылығындағы «Табиғат» кәсіпорнына каналды қазу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2019 жылға 11,0 млн қаржы қаралып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2021 жылы облыс бюджетінен қазу жұмыстарына 96,0 млн. теңге бөлінетін болады.
Сонымен қатар Қожамберді елді мекеніндегі 4 көшені асфальттауға қаржы алу үшін 2021 жылға жоғарыдағы айтылған бағдарламалар тізіміне енгізіліп, жоғары тұрған бюджеттерге ұсынылды. Алдағы жылы қаржысы келіп жатса, көше жөндеуден өткізілетін болады. Ал, осы жылдың қазан айында өткен сессиямен аудандық бюджеттен 1 млн 129 мың теңге қаралып, Б.Тойлыбек көшесіне күннен қуат алатын жарық шамдары жыл соңына дейін орнатылатын болады.
Төменарық ауылдық округінен екі ұсыныс көтерілген еді. Оның біріншісі 1952 жылы салынған ескі аурухана ғимаратын жаңадан салу жөніндегі ұсыныстан мен толық хабардармын. Өткенде пандемияның кезінде аталған аурухана 20 орындық провизорлық орталықтың қызметін атқарған екен. Қазіргі уақытта созылмалы сырқаттары бар диспансерлік есептегі науқастарды жоспарлы түрде қабылдауға арналған 10 төсектік аудандық аурухана бөлімшесі ретінде жұмыс жасап тұр. «Бекітілген халық тіркелімі» (РПН) базасы бойынша Төменарық елді мекенінде 3364 тұрғын тіркелген. Ауданаралық аурухананың бөлімшесі саналатын Төменарық ауылдық ауруханасы ғимаратының тозығы жетуіне байланысты халық саны 10 мыңға жетпесе де тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында Төменарық елді мекенінен 15 төсектік ауруханасымен бірге қамтылған дәрігерлік амбулатория кешенді ғимаратын салу жоспарға енгізілген, тиісті жұмыстар жасалынуда.
Екіншісі, елді мекенге газ кіргізу жө­ніндегі ұсыныс бойынша 2015 жыл­­дан бас­тап аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл ауданға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің іс-сапары кезінде Ақүйік, Қыраш елді мекендерін газдандыру жобасы аясында тапсырма беріліп, жоба-сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 20 млн. теңге бөлініп тиісті жұмыстар жасалуда. Құжаттар дайындалып болғаннан кейін облыстық бюджетке алдағы жылдарға ұсынылатын болады. Аталған жұмыстардың құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөліп жатса, аудандағы басқа елді мекендерді газдандыру ісіне жоба-сметалық құжаттарын дайындауға мән беретін болады.
– Аудан бюджетінен осы жылдың соңына дейін аудандағы елді мекендерге күннен қуат алатын жарық шамдар алып орнату үшін осы жылдың қазан айында қаржы бөлдік. Ауыл әкімдеріне шұғыл тапсырмалар беріліп, бюджеттік өтінімдер қабылданды. Қаржы бар, қанша алсаңдар да болады деп айттық. Сол қаржыға Төменарық ауылының әкімі сіз бюджеттік өтінім тапсырмағансыз. Бұл сіздің жұмысыңыздың салғырттығынан деп білемін. Сонда сіздің ауылдағы көшелердің барлығы жарықтандырылып қойған ба? Жандарыңыз ашып жұмыс жасаңыздар ауылдарыңызға, – деді әкім.
Биылғы жылдан бастау алған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл ел-бесігі» бағдарламалары бойынша 2021 жылға жоғары тұрған бюджеттерден қаржы тарту мақсатында жобалар ұсынылуда. Соның ішінде Төменарық ауылынан 25 көшені жөндеу жұмыстарының тізімі бар. Алдағы жылы қаржысы келіп жатса, көшелер жөндеуден өткізілетін болады.
Сүттіқұдық ауылдық округінен 2 ұсыныс көтерілген. Оның біреуі елді мекендегі аяқ су мәселесі. Осыған дейін аяқ су мәселесін шешудің екі жолы қарастырылып келген екен.
Біріншісі «Тайпақкөл» көлдер жүйесінің сағасын жоғарыдан, яғни Аққұм елді мекенінің тұсынан алу және көлдер аралық арналарды тазалауды қажет етеді. Бұл жөнінде 5-6 жыл бұрын бір жоба зерттелген. Оның қаржысы сол уақытта 2 млрд. теңгеге бағаланған. Сондықтан ол жоба болмайды.
Екіншісі каналға бұрынғы «Чех» насос орнына екі электронасос қою арқылы ауылға су айдау. Жарайды насос алынып берілер. Бірақ оның су айдау шығынын, айдайтын адамның еңбекақысын халықтың жинаған қаржысымен ұстап тұруға мүмкіндік бола ма? Соны есептеу керек. Сондықтан ол екі жобадан да біз бас тартып тұрмыз.
Оданда биылғы жылы бастау алған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Сүттіқұдық ауылының маңынан және ауылға кіреберіс жолдың екі жақ бетінен жаңадан 1 мың га. жерді аяқ сумен қамтамасыз етуге 8 дана ұңғыма (скважина) қазу және электр желілерін тарту үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге және сараптамадан өткізуге аудандық бюджет есебінен 9,6 млн тенге бөлінді. Жыл соңына дейін жоба құжаттары аяқталады деп жоспарлануда. 2021 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы сұралатын болады. Бұл жобаның маңыздылығы сол тұрғындар жұмыспен қамтылады және жайылымдық жерлерді суландырылатын боламыз.
Екіншісі осы уақытқа дейін ауылдағы 1954 жылы салынған клубтарыңыз мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынатын болып келген. Алайда аталған бағдарлама басымдықтан алынып тасталды. Бірақ біз қарап отырған жоқпыз. Биылғы жылға «Ауыл ел - бесігі», Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламалары аясында ауданға көптеген әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеу, орташа жөндеу, жаңадан салу құрылыстары үшін қаржы тартылды. Соның нәтижесінде Шалқия кентінен 150 орындық клубтың құрылысы басталды. Ал, жоғарыда айтылған бағдарламалар бойынша жоғарғы бюджеттерден қаржы тарту үшін аудандағы дайын жобаларды 2021 жылға ұсынып жатырмыз. Ұсынылған жобалардың ішінде сіздердің екі ұсыныстарыңыз да қамтылды. Алайда қаржы тарту уақытында ең өзекті деген нысандар бойынша тізім жасалатын болады. Елді мекендердегі көтерілген проблемалық ұсыныстардың өзектілігі салыстырылатын болады. Мысалы, Өзгент ауылындағы клубтың жағдайы өте төмен. Оның ішіне адам кіруге болмайды. Қай күні құлап қалатыны белгісіз. Оның қасында сіздердікі лаждап жұмыс жасауға болады. Бұл сөзбен сіздерге клуб салынбайды деуден аулақпын. Алдағы жылдары ауданға бір клубқа қаржы берілетін болса, басымдық Өзгент ауылына беріледі. Мен егер барлығына қаржы алатын болсақ қарсы емеспін барлығын бір уақытта бастайтын боламыз.
Енді өткен жолы келген кезде көтерілген ұсыныстан бөлек жыл соңына дейін М.Мақатаев көшесіне күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар алынып қойылатын болады. Оған аудандық бюджеттен 30 дана жарықшам алып орнатуға 1 млн. 335 мың теңге қаржы бөлінген. Енді тек ауыл әкімі қажетті жұмыстарын жүргізіп, қаржыны мерзімінде игеру керек. Сонымен қатар жаңа жоғарыдағы айтылған бағдарламалар бойынша қаржы алу үшін сіздердің ауылдарыңыздан 9 көшені (Аманжолов, Мақатаев, Иманов, Таңатаров, Қожанов, Ысқақұлы, Әлшекей, Қонаев, Жандарбеков) жөндеу жобалары ұсынылды.
Әкім қыркүйек айында Кейденге барғанында бес ұсыныс көтерілген еді.
– Кейден және Аққұм елді мекендеріндегі ауыз су мәселесін толықтай шешу үшін Аққұм мен Талап бекетінің арасына (12 шақырым) электр желісін тарту жөнінде ұсыныстарыңыз шешімін тапты. «Нұра» топтық су жүйесінің (ОДСП Арал) облыстағы кәсіпорын басшысымен сөйлесіп отырмын. Биылғы жылға 50 млн. теңге қаржыға Талап бекетінен Аққұм бекетіне электр желісіен тарту жұмыстары басталып кетті. Амандық болса осы айдың соңына дейін Кейден, Аққұм елді мекендеріне ауыз су берілетін болады. Алдымен ауылға 10 кВт электр желісін әкелу еді, енді мектептің де электр желісінің шешімі табылды деуге болады, – деді кездесу барысында Руслан Рүстемұлы.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолынан Аққұм елді-мекеніне дейінгі тас жолды (10 шақырым) асфальттау жөніндегі ұсыныс бойынша жоба-сметалық құжатын әзірлеуге және ведомстволық сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 5 млн. 66 мың. теңге бөлінді. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізуде. Тайпақкөл каналына су тартатын насос қою жөніндегі ұсыныс облыстық бюджеттен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 2021 жылдың бюджетіне қаржы қарастырылады. Кейден ауылындағы Түркеш көшесін жөндеу және Қауық елді мекеніне ауызсу апару. Көшені жөндеу мемлекеттік бағдармалар арқылы жүзеге асады, ал 7-8 түтін тұратын қонысқа ауыз су апару өте қиын мәселе екені айтылды.
Көтерілген ұсыныстардан бөлек, қазан айында аудан бюджетін нақтылау барысында біршама қаржылар Кейденге бағытталды. Соның ішінде, Кейден, Аққұм елді мекендеріндегі көшелерді күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар алып орнату үшін 2 млн. 33 мың теңге қаржы қаралды.
Шалқия кенті бойынша да бес ұсыныс белгілі. Олар: Шалқия кентінен кеншілер аллеясын жасаудың бүгінгі күні М.Шоқай көшесінің бойынан саябақ ашу мақсатында, кенттің бос жерінен көлемі 100×100 метр, жалпы көлемі 10000 шаршы метр болатын жер учаскесіне мемлекеттік Акт алу. Қазір «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын бастап кетті.
Құттықожа-Шалқия елді мекенінің ескі су тоғанын қайта жасау үшін Құттықожа елді мекенінің іргесіндегі жалпы көлемі 20 000 шаршы метр болатын (500×400 метр) аумаққа мемлекеттік Акт алып, кент әкімдігінің теңгеріміне алу керек. Бұл жұмыстардың барлығын кенттің әкімі атқарып, келер жылдың бюджетіне құжаттандыруға қаржы сұрауы тиіс. Сосын Шалқия-Құттықожа елді мекенінің арасындағы ауылішілік тас жолды (2,7 шақырым) асфальттап беру жөніндегі ұсыныс қойылды. Мұны мемлекеттік бағдарламалар аясында шешуге жұмыс жүргізіледі.
Қазан айында Шалқия кентінің Абылайхан көшесін жарықтандыруға 1 млн. 252 мың. теңге бөлінді. Осы айдың соңына дейін орнату жұмыстарын ауылдың әкімі бітіретін болады.

P.S.: Қысқасы, аудан басшысы елді мекендердегі барлық мәселелер рет-ретімен іске асатынын сөз етті.

Ерлан АБДРАСИЛОВ
18 қараша 2020 ж. 763 0