2020 жыл: мәдениет саласында оң өзгерістер күтіп тұр
Биыл құрылыс саласы бойынша, оның ішінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Мәселен, 7 медициналық ғимарат іске қосылса, 9 спорттық нысанның құрылысы қарқынды жүруде. Енді 2020 жылға жоспар қандай, соны жүйелеп алайық. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте хабарлады.
Келер жылы мәдениет саласы бойынша жаңадан құрылысы басталатын 5 мәдениет үйлері жайында тарқата айтты. Өзгент ауылдық клубын жаңадан салу жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Ал Кеңес, Қосүйеңкі, Жайылма, Екпінді ауылдық клубтары облыс бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынатын ғимараттар тізбесіне енгізілгенін және 2020 жылы құрылыстары басталады.