№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз өнімімізді қолдайық!

Өз өнімімізді қолдайық!




Кеше облыс әкімі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова осы мазмұнда фейсбукте жазба жариялап, өнім өндіретін жергілікті кәсіпкерлерді қолдаудың маңызын еске салды.
Қазір коронавирус әлем елдеріне тез тарап, алыс-жақын шет елдермен байланысқа шектеулер қойылып, тауар айналымы қысқарды. Бұл – өнімді өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызын айшықтап берді.
Бүгін аудандағы Кейден ауылдық округіне арнайы бардым. Ондағы мақсат – қыркүйек айында елді мекендерді аралағанымда тұрғындар көтерген ұсыныс-тілектердің орындалу барысын баяндау. Шағын құрамда ауыл азаматтарымен кездесіп, ұсыныстар қашан, қалай орындалатынын ортаға салдым. Бұл бөлек әңгіме...
Айтайын дегенім, Кейденде Made in Kazakhstan брендімен «Кәусар» жүгері сусыны шығады. Оның дайындалу үрдісімен танысып, біздің тараптан қандай қолдау қажеттігін білдім.
Шағын цехтың жұмысын ағайынды азаматтар Қасым, Сейдмұхаммед Әбжаппаровтар жүргізіп отыр. Бұл – әулеттің ата кәсібі деуге болады. Олар бұғанасы бекіп еңбекке араласқан кезден жүгері егіп, дәнді дақылдың дәнінен сусын дайындауға машықтанады. Келе-келе дайын өнім шығаруды қолға алып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болады. Қызылорда облысы әкімінің 1 миллион теңге грантына да қол жеткізеді. Осы қаражатқа керекті қондырғыларды, сыртқы қорабын дайындайтын аппарат сатып алып, берекелі істі бастап кетеді.
Қасым Абдузайырұлы «Кәусардың» дайындалу барысымен таныстырды. Алдымен жүгері жуылып, ұнтақталады. Сосын цехтағы қазандыққа жеткізіледі. Онда 380 градуста қайнатылып, 12 сағат бойы бұқтырылады. Одан кейін ашытылады. Оған су, майлылығы 1%-тен аспайтын айран қосып, араластырып, арнайы құтыға құяды. Міне, осылай жүгеріні сусынға айналдыру процесі жүреді.
Кәсіпкердің сөзінше, сусын А, В, С, Е дәрумендеріне бай, оған қоса, калий, магний, қант және т.б пайдалы микроэлементтері бар. Қазақ тағамтану академиясының сараптау зертханасынан өткізіп, сапалы, құнарлы сусын деген сертификат алған. Сол себепті сұраныс өте жоғары. 2018 жылдан бері 300 тоннадан аса жүгері сусыны Қызылорда және Түркістан қалаларына, Шиелі, Жаңақорған аудандарының нарығына жол тартты. Әсіресе, көктем, жаз мезгілінде тапсырыс көп болады екен.
Ауылда отырып-ақ үлкен нарыққа кірген азамат болашақта өндірісін кеңейтуді жоспарлап отырғанын сөз етті. «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп, 2021 жылы 100 гектар жерге жүгері егуді және қойма салуды жоспарлап отыр. 2022 жылы концервіленген жүгеріні өндірмекші. 2023 жылы жүгері крахмалын өндіруді іске қосады. Оған қоса, жүгері ұны, жүгері жемін шығаруды іске асырмақ. Егер мұның бәрі сәтті іске асса, жүгері кластерін қалыптастыратын еді.
– Бұған дейін шикізатты 100 теңгеден алатынбыз. Баға шарықтап, жүгерінің келісі 300 теңгеге көтерілді. Бұл бағада өнім шығаратын болсақ, өз-өзін ақтамайды. Ал өзіміз 30 гектар жерге еккен жүгері жетпейді. Өндіріске қажетті өніммен қамтамасыз ету үшін кемі 100 гектар жерге жүгері дәнін тастап, өнім жинауымыз қажет. Осы бағытта «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ -мен бірлесе жүгері кластерін дамытуға ниеттіміз, – дейді жас кәсіпкер Сейдмұхаммед Әбжаппаров.
Біз тәуекелге бел буған, ісін кеңейтіп, өнім өндіретін кәсіпорындарды қолдауға тиістіміз. Жаңақорған ауданында ірі-ірі өндіріс орындары және белді де беделді сервистік қызмет көрсету орталықтары бар. Олар емдік қасиеті бар жүгері сусынын тапсырыспен алдырса, оның екі жақты тиімділігі болары анық. Біріншіден, жұмысшыларын құнарлы сусынмен қамтамасыз етеді, екінші жағынан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдайтын еді. Бұған біздің аудандағы кәсіпорын басшылары бей-жай қарамайды деп ойлаймын.
Жерлестер, өз өнімімізді қолдайық!

Руслан РҮСТЕМОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі
14 қараша 2020 ж. 1 079 0