» » ТАЛҒАМҒА САЙ «ТАЛДЫСУ» АУЫЗ СУЫ

ТАЛҒАМҒА САЙ «ТАЛДЫСУ» АУЫЗ СУЫ

   Сондай-ақ Жаңақорған кентінде соңғы 4 жылдан бері таза ауыз су шығаратын цехтың жұмысы қалыпты. «Жаңақорғанда жасалған» брендімен шығарылатын өнім «Талдысу» деп аталады.

   Жас кәсіпкер Қайсар Абайханұлы жетекшілік ететін шағын цехтың келешегі кемел. Болашағы баянды. Бұған дейін аудандағы дүкен сөрелерінде сатылымға шыққан таза ауыз су енді өңірдегі өндіріс ошақтарына жіберілуде.
Таза ауыз суы 1, 5, 9 литрлік пластмасса ыдыста шығуда. Су құятын автоматты станоктарды Мәскеуден арнайы алдырған. Ал, құйылатын пластмасса ыдыс Алматыдағы «Нұрфак» фирмасынан, ыдыс қақпақтары сондағы «Берикаф» фирмасынан әкелінген.
Қайсар Абайұлы: «5 және 9 литрлік құтыдағы ауыз суды негізінен өңірдегі ірі өндіріс орындары алса, кіші ыдыстағы ауызсу кент ішіндегі дүкендер арқылы таратылуда. Цех ашылғаннан кейін нарық сұранысын ескеріп, NEХ TEA шабдалы шырыны мен қара, лимон шырыны қосылған көк шайды шығаруды қолға алдық, – дейді.

Ханзада ДОШАН.


15 мамыр 2019 ж. 1 909 0