№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Грант ұтып кәсіп ашты

Грант ұтып кәсіп ашты

Елімізде «2017-2021 жылдарғаарналған  нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы қолғаалынғаннан  бері жұмыссыздық  азайып, кәсіпашқандар саны артып келеді. Бүгінде елімізде  кәсіпкерлер үшін барлық жағдай  жасалуда.
Шағын және орта бизнесті дамытуға  бағытталған бірқатар  бағдарламалар да бар. Жас кәсіпкерлерге берілетін аудан әкімінің грантын солардың қатарына жатқызуға болады.  2020 жылы  ауданымызда589 адам бизнес идеясын сәтті қорғап, 555 мың теңге алып, шағын бизнесін дамытуға мүмкіндік алды. Біздіңауданымызда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша өз кәсібін бастап, нәсібін көріп жүрген азаматтар аз емес. Солардың  біріСәуле Әділбекова. 555 600  теңге көлемінде қайтарымсыз несие алған көпбалалы анабұл қаржыға түшпара жасайтын құрылғылар: ет тартқыш, мұздатқыш сынды қажетті құралдарын алып, жұмысын бастап та кетті.
– Бұл мемлекеттің беріп отырған гранты бізге үлкен қолдау. Меніңше іс бастау ешқашан кеш емес. Өз басым осы кәсіпті атам қазақ қасиетті санаған  қарапайымнан  тақтайдан  бастадым. Үйде жұмыссыз отырғанда түшпара түйіп, оны жақын маңдағы дүкендерге апарыпсаудалап  жүрдім. Қайтарымсыз грант  жайында естіп, мен де кәсібімді неге заңдастырмасқа деген ой келді. Менің ойымша, бұл өз ісіңмен айналысуға берілген жақсы мүмкіндік. Қолыңнан  іс келсе, оны кәсіпке айналдыруға болады. Жұмыс жоқ деп қарап отырмау керек. Алғашында табыс аз болуы мүмкін. Өз ісің болғаннан кейін оны кеңейткің келеді, нәтиже көрген соң табысыңды еселегің келеді. Мен де көмек қаражатқа екі үлкен тоңазытқыш, ұн илейтін құрылғы мен еттартқыш сатып алдым. Табанды еңбегімнің арқасында бүгінде  кәсібімнің өрісі кеңейіп  келе  жатыр. Бір күнде 20 келі тұшпара дайындаймын. Күнделікті өткізіп тұратын дүкендерім бар. Таза сиыр етінен жасалады, әзірге ешқандай шағым жоқ. Меніңше тұшпараның дәмді шығуы тек етіне емес, қамырына да байланысты.  Ол қалың да,  жұқа да болмай біркелкі жайылу керек. Осынша өнім әзірге бір қолдан шығып жатыр. Тапсырыстыдер кезінде орындап, тұтынушылардың сенімінен шыға білудеміз. Ең бастысы, тұтынушының көңілін  таба  білуің керек. Бір мәрте көңілі қалған жан екінші рет есік қақпайды. Ең басты ұстанымымыз – осы. 
Кейіпкеріміз орталықтағы «Нұр» кафесіне қарама-қарсы шағын ғимаратты жалға алып жұмыс істеп, дәмі тіл үйіретін түшпараны  өздері дайындап, тұтынушыға дайын күйінде ұсынуға да мүмкіндік жасаған.         
 Міне, кәсібін ашып, оны ары қарай дөңгелетемін дегендерге осылайша жағдай жасалып отыр. Ендігі жерде бизнес жоспары бар жастар осындай қолдаудың шарапатын сезініп, өзіндік жұмыстың өзегін жандандыруы қажет-ақ.

Әсел РЗАЕВА
08 қараша 2020 ж. 474 0