ҰСТАЗЫ БАРДЫҢ ҰСТАМЫ БАР
– Смайл ағайдың бір қасиеті – оқушыға сұрақ қойып, орнынан тұрғызса жауабын айтқанша асықтырмай, ойын жинақтауына баса назар аударатын, – дейді шәкірті, бүгінде өзі де тәлімді ұстаз Батырхан Жоланов. Одан әрі баланың қабілетін тани білетін тәлімгердің талапты шәкіртіне сенім арта сөйлеп: "Үш-ақ оқығанда жаттап алатын ең, неге назар салмадың?" деп сабаққа ынта-ықыласын бұруға мейлінше мүдделі мейір шапағаттан кенде болмаған кеңшілігін, байыптылығын еске алды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарының түлегі – Смайл Нысанбаев ағай егер тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді.
Смайл ағай мен оның жары Ұлшагүл апамыздың тәрбиелеп-жетілдірген 6 ұл-қыздан өрген немерелер бүгінде халық қызметінің түрлі салаларында абыройлы еңбек етіп жүр.
Өз перзенттерінен ағайдың жолын қуған қызы – Райханы қазірде Шиелідегі мектепте ұстаздық етеді. Күнтуғаны көлік жүргізуші болып жұмыс атқарған еді, қазір зейнетте, ол кісінің ұлдары – Ержан бүгінде жеке кәсіпкер болса, Бақытжаны – аудан әкімдігінде қызмет көлігін жүргізеді.
***
Қазақ тілі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралы" оқулығында әрбір әріптің таңбалануымен қоса дыбысталуы, буын үндестігі заңдылықтары туралы ережелерді жүйелеп беруінің түбінде сауатты жазудың ортақ үлгісін қалыптастырудың қатаң қағидалары жатыр. Осыны негізге алған кешегі мұғалімдеріміздің ақ тер, көк тер боп, дыбыстарды жіктеп-жіліктеп, жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп жаттатып, ілгерінді ықпал, кейінді ықпалға бағынатын сингармонизм заңдылықтарын ежіктеп, түсіндіріп жатар еңбегінің бәрі бекер, бүгінгінің пайымынша бас қатыруға тұрмайтын бая-шая бірдеме екен. Мына жаңаша оқыту бағдарламасы дегеніңіз балаға мұның барлығын жіктеп-жіліктеп оқытудың қажеті жоқ, тілдік бағдар алса жеткілікті дегенді алға тартады. Біздің ойымыз айтады, қазақ тілі ғылым болудан қалса, тілдік заңдылықтары сақталмаса, оны әркім өзінше бұрып, өзінше қолдана берсе тіліміз бұзылмай ма? Тілді бұзудың, тілдің киесін тәрк етудің кесірі басбұзарлықтан да ауыр, кейін түзетуге келмейтін қателігіміз болса қайтеміз?
Алаш ардақтылары алғаш тұғырын бекітіп, сүрлеуін салып кеткен ана тілінің сыр-сипатын санамызға ұялатып, тіл ұстартқан аяулы ұстазым туралы естелік жазып отырып, неге екенін, қазақ тілінің бүгінгі осындай жай-күйі – "жаңалығы" өкініш боп көңілімнен бір кетпей қойды.
***
Осы карантин талаптары басталмай тұрып мектептерде өтетін жыр мүшайрасы, басқа да әдеби кештерге қазылық жасайтын топ құрамында білім ошақтарына жиі барып тұратын едік. Бірде аудан орталығындағы №169 орта мектебіне жол түсті. Есік алдында қарсы алған мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзинат Қалкөзованы көріп ішіміз жылып сала берді. Баяғыда газетке орналаспас бұрын мектепте бірер жыл 5-сыныпқа қазақ тілі-әдебиетінен сабақ бергеніміз бар еді. Сол кездегі оқушым болғандықтан көзіме оттай басылды. Мектептегі қазақ тілі пәнінен маңдайалды мұғалім екенін директоры Ахметов Аллабергеннің аузынан естіп жүр едім. Енді өзін де көріп тұрмын. «Апай, қазақ тілі ережелерінің түпқазығы 5 сынып оқулығында еді ғой. Қазірде бағдарлама көп өзгерген. Сіздің сол сыныпта берген бііліміңіз миымда мықты сақталғаны сондай тілбұзарлыққа, тыныс белгілеріндегі самарқаулыққа жаным шыдамайды. Шәкірттерімнің жазу-сызуына қатал қараймын" деді. Гүлзинат дұрыс айтады. Осы кезеңде тиянақты білім ала алмаған шын мәнінде сауатты болып қалыптаса алмай қалады. Қазірде газетімізде орфоэпия мен орфографияда шатасып жататын кей тілшілерімізге сауаттылыққа жүгінуде Рәбиға Сыздықованы ақтарып әуреленбей 5 сыныптың қазақ тілін қайта жаттап, санаңа сіңіріп көрші деп кеңес беріп жататынымыз содан. Бұл саты өте жауапты кезең. Оқушылық кезеңнің осы жылдарының қадірін жақсы біліп тұрған Гүлзинат рахметті маған емес Нысанбаевқа айту керек. Тиянақты білім негізі сол кісіден бастау алып тұр. Құдайшылығына келгенде, біз барлығымыз дамамандығына шын берілген, шәкіртім білсе дегеннен басқа көңілінде алаңы болмаған сол ақжүрек аға буынға қарыздармыз. Бір ғана өкініш, ұстазға тән осындай қадір-қасиеттен ада, бақай есепшіл әлдекімдер жартыкеш сауат, өресіз болмысымен білім атты кеменің желкеніне жармасып қарадай қадірін түсіріп келе жатқан жағдайлар жоқ емес. Мұндай жағдайда ұрпақ обалын кімге артамыз? Ұлт ұстыны болар ұстаз ғана мемлекетшіл болашақты тәрбиелей алатынын ұмытпайық
БаянҮСЕЙІНОВА