№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаз жайлы үзік сыр

Ұстаз жайлы үзік сыр


Қарттар күні мерекесі қарсаңында өзімнің сот саласындағы тәлімгер ұстаздарым жайлы әңгімені Молдабек Меңлібайұлы Ахметов жайында өрбітпекпін.

Молдаш ағай менің сот жүйесіндегі алғашқы ұстазым. Мен осы саладағы еңбек жолымды ағай төрағалық ететін Сырдария аудандық сотында сот отырысының хатшысы болып бастадым. Сол уақытта ағайдың іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында біздің аудандық сот облыста алдыңғы қатарда болып, базалық сот болып танылды. Кішкентай ғана аудандық сотта сол кездері Қазақстан Республикасының Төрағасы қызметін атқарған М.Нәрікбаев, Қ.Мәми іс сапармен келіп, соттың жұмысымен танысқанын біз қазір мақтанышпен еске аламыз. Кейінгі жылдары ағаймен Қызылорда қалалық, облыстық сотта қызметтес болдық. Ағай көпшіл, қарапайым мінезді жан. Ол ұжым мүшелерінің бір отбасының баласындай тату-тәтті қарым қатынаста болғанын қалайтын. Өзінің ұжымын екінші отбасындай санайтын ағайымыз біздерді бөліп- жармай, отбасылық мерейлі мерекелерінен де қалдырмайтын. Осының нәтижесінде біздер ағайдың ұл-қыздарымен туыс, бауырдай болып, бірге араластық. Молдаш ағай үнемі ізденіс үстінде жүреді, сондықтан болар заңдарға енгізілген өзгерістер, сот саласындағы жаңашылдықтар жайлы мақалаларымен баспасөз беттерінен жиі көрінетін. Осы қабілеттерімен ағай республика судьяларының алғашқы съездіне делегат ретінде қатысып, Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында үлкен мінберден баяндама жасап, сөз сөйледі. Медиация институтының дамуына үлкен үлесін қосып, татуластыру рәсімдерін халық арасында кеңінен насихаттағаны да баршамызға белгілі. Сонымен қатар ағай үлкен тарихшы. Сыр елінің сот билігі, билер жайлы ауқымды көлемді екі кітаптың авторы. Ағайдың тағы бір қыры- ол әнші. Жаңа шыққан әндерді іздеп жүріп тауып, ұжымдастар арасында мерекелік кештерде әуелетіп шырқағанды жаны сүйеді. Спортты өзіне өмірлік серік еткен ол кісі кешегі күнге дейін доп қуалап, футбол ойнап, күнделікті бассейнге барып, салауатты өмір салтын ұстанды.
Молдаш ағай өзінің өмірлік тәжірибесін, кәсіби шеберлігін қазіргі күні жас заңгерлерге үйрету жолында Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді. Ағайдың ұйымдастыруымен студенттер облыс орталығында орналасқан соттарда сот процестеріне қатысып, соттың тыныс-тіршілігімен танысуда.
Қарттар күні қарсаңында ұстазым, ардагер судья Молдабек Меңлібайұлын мерейлі мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Бейнетіңіздің зейнетін көріп, Баян апайымызбен бірге немере-шөберелеріңіздің қызығына бөленіңіздер! Шығармашылық табыс тілеймін! Жазарыңыз таусылмасын!

Алия ТУБЕКБАЕВА,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы.
28 қыркүйек 2020 ж. 408 0