Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БАУЫРМАЛДЫҚ БОЛМЫСЫ

БАУЫРМАЛДЫҚ БОЛМЫСЫ


Қашан қарасаң да тайпалған жор­ғадай топты бастап қабағы жадыраңқы жүретін, қажуды білмейтін қағылез ағайымызды қайғы-мұңнан ада, төрт жағы тең құбыла көреді екенбіз. Сөйтсек, тіпті де олай емес екен. Осыдан үш-төрт жыл бұрын ардагер-ұстаз Әбдіхалық Әйтілеуовтың осы кісі туралы естелігінде айтқандарымен танысқанда барып ағайымыздың шерлі кеуделі, қасіретті тағдырын етітірілігімен жеңіп, өзін-өзі шыңға қарай жетелеген жеңімпаз мінез ұстанымына көзіміз жеткен еді.

Әбдіхалық ағаның айтуынша, қалам­гер аға Кемел Тоқаев облысқа іссапармен келгенінде: "Жаңақорған ауданында менің бала кезгі досым Нысанбаев Смайл деген азаматпен жолықсам деп ем" деп ауданға арнайылап соғады. Ол кезде аудандық атқару комитетінде қызмет атқаратын Әбдіхалық аға Смайл ағай мен Кемел Тоқаев екеуінің кездесуіне куә болады. Сөйтсе, қос азамат сәби шақтарында Шымкенттегі балалар үйінде бірге тәрбиеленген екен. Бір шаңырақ астында бір тілім нанды бөліп жеген қос арыстың бір анадан туған бауырлардай құшақ айқастырып, көп уақытқа дейін бір-бірінен айрылмай, тарам-тарам сорғалаған көз жастарына қарап, көңілі босамаған жан қалмапты. Бірлі-жарым ағайын бар болса да әке-шешесі жастай өлген жетімегін келешек көзі ашық, адам болып ілініп кетсе екен деген үкілі үмітпен үкіметтің қамқорлығына тапсыруға талаптанған ғой. Жас өскін балалар үйінде онжылдық білім алып, одан әрі Шымкенттегі мұғалімдер даярлайтын техникумға оқуға түсіп, тәмамдаған екен. Еңбек жолын атамекенде мұғалім болып бастауды ұйғарыпты. Соғыс басталып кеткендіктен қолына қару алып, қан майданға аттанған.
Көп қиындықтар шегіп, "қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі" дегендей, 1948 жылы ғана туған жер топырағына табаны тиіпті.
Смайл ағай жүрегіндегі жараны тырнағысы келмей ме, соғыс жайлы бізге әңгіме айтқан емес. Балалық шағы туралы да...
Елге аман-сау оралған соң, ауылдағы мектепте мқғалім болып жұмысын бастаған екен. Смайл ағай Төлеген Исаев екеуі алпысыншы жылдардың бедерінде шаруашылық есебінен қойшыларға бөлінген тамның қаржысына “Қанды­аралдағы” жетіжылдық мектептің қазы­ғын қадап, одан соң сегізжылдыққа айналуына көп қайрат жұмсапты. Сол кездегі біз оқыған №162 "ВЛКСМ-ның 25 жылдығы" атындағы мектептің осындай тарихы бар.
06 қазан 2020 ж. 402 0