№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда маскалы режимді сақтамауының нәтижесінде дерт белең алуда

Ауданда маскалы режимді сақтамауының нәтижесінде дерт белең алуда

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, сәуір айында коронавирус шарықтау кезеңнен өтті. Алайда мамыр айының аяғында қайтадан жиілегені белгілі болды. Иә, тұрғындардың қоғамдық орындар мен қызмет көрсететін мекемелерде маскалы режимді сақтамауының нәтижесінде дерт белең алуда. Жаңақорған ауданында да жұқпалы індетті жұқтырғандар саны артып келеді.

– Бүгінгі таңда ауданнан шыққан ауру саны – 68-ді құрады. Жазылып шыққандары – 35. Қазіргі таңда аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде 33 науқас емдік шараларын қабылдауда. Провизорлық бақылауда жатқандар саны – 12 болса, карантиндік бақылауда – 224 адам бар. Оның 186-сы үй режиминде, 26-сы стационарлық бақылауда. Коронавирусты жұқтырғандар санының артуына сақтық шараларына мән бермеу себеп болуда. Енді жиын-той жасауға асықпау керек, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова.
Оның сөзінше, вирустың бар екеніне сенбейтін адамдар саны артты. Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, карантин шаралары жалғасуда. Бұрынғыдай қалыпты өмірге бірден оралуға әлі ерте. Вирустан сақтану шараларын естен шығаруға әсте болмайды.
Аудан әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов:
– Вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Соған сәйкес, «Жібек-Еңлік» орталығының басшысы Асхан Отарбековпен дезинфекциялық жұмыстарын жүргізуге келісім шарт жасадық. Бүгінге дейін 787 071 шаршы метр аумақ дезинфекцияланды. Ең өкініштісі, коронавирусқа күмәнмен қарап, сақтық шараларына мән бермейтін тұрғындар көп болып тұр, – деді.
Медицинасы дамыған, ғылымы озық Италия, Испания, Германия сынды елдер сақтық шараларына мән бермеуінен мыңдаған тұрғыны ажал құшқаны кеше ғана орын алды. Соны көріп, біліп, естіп отырып, коронавирусты ертегіге балап, саяси жорамал жасайтындарды қалай түсінуге болады...
Қалай айтсақ та, коронавирустың зардабы зор. Одан құтылудың жолы біреу ғана, ол – сақтық шараларын күшейту. Ойнаймыз деп опық жеп қалмайық, ағайын!


Лаура БИБАСАРОВА
09 маусым 2020 ж. 1 295 0