Жаңақорған ауданы бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 42-ге жетті
Жаңақорған ауданы бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 42-ге жетті. Оның 10-ы 28-31 мамыр аралығында жұқтырғаны анықталды.
Әрине Төтенше жағдай тоқтатылып, карантиндік режим алынды.
Бірақ әр адам жеке бастың сақтығына жауапкершілікпен қарау керек. Яғни маскалы режимді сақтап, адам көп шоғырланатын жерлерге бара бермегені дұрыс.
Кеше ғана Италия, Испания, Германия сынды Еуропаның озық елдері дәрменсіздік танытқан коронавирусты ертегі секілді қабылдайтындар аз емес. Сақтан десең – сенбейді, күле қарайды, саяси болжам жасауға дайын тұрады.
– Бүгінгі күнге дейін 26 адам карантиндік режимде болса, бүгін 14 адам қосылды. Аудандық инфекциялық ауруханада қазіргі уақытта COVID-19 дерті анықталған 10 науқас, провизорда 2 науқас жатыр. «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясында бахталық жұмыс жасаған төрт адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Одан бөлек вирус белгісі бір жүкті әйелден анықталды, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова.
Оның сөзінше, ауданда анықталған науқастар байланыс арқылы жұқтырды. Ал «Тенгизшевройл» ЖШС келген жеті жұмысшы сонда жұқтырып келді.
Бұл дегеніміз, сақтық шараларын сақтау күн тәртібінен түскен жоқ деген сөз. Сондықтан сақтанайық, ағайын!
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ