№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпті індет салғырттықты кешірмейді

Қауіпті індет салғырттықты кешірмейді

 11 сәуір күнгі мәліметтерге қарағанда, әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны – 1 535 370-ге жетті. Оның 89 863-ы өлді. Бұл дегеніңіз, кронавирус жұқтырғандар біздің елдегі ірі мегаполис халықымен бірдей болса, өлгендер саны бір ауданның тұрғындарына тең деген сөз. Бұл сақтық шараларын күшейту керектігіне меңзейді.
Біздің елде де күн сайын коронавирустың таралу аумағы кеңейіп келеді. Енді карантин талаптарын қатаңдату керек. Олсыз індетті еңсеру мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комисссияның кезекті отырысында сақтық шараларын күшейту жайын жан-жақты талқылап, нақты тапсырмаоар берді.  

Қазір облыстар мен қалаларға блок-посттар қойылып, қатынас шектелуде. Ал біздің облыстардың өмір сүру дағдысы бір-бірімен тығыз байланысты. Біздегі күріш солтүстікке, солтүстіктегі ұн бізге керек. Мұндай сәтте алыпсатарлар бағаны шарықтатып жіберетінін көріп жүрміз. Осының нүктесін Президент қойып берді. Енді ең маңызды 9 түрлі азық-түлік бағасы өспейтін болады. Бұл – халық игілігі үшін жасалған шара деп ойлаймын.
Жаңақорған аграрлық ауданның бірі. Қазір егін науқанына мән беретін кез. Дала жұмысының сапасы біздің өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Осы ретте, Мемлекет басшысы шаруаларды қолдаутын тетіктерді ұсынды.
Осындай қиын-қыстау сабырлы болайық! Қауіпті індет салғырттықты кешірмейді.

Керімхан ЕГІЗБАЕВ
«Агротехнология» ғылыми-өндірістік
шаруа қожалығының төрағасы
11 сәуір 2020 ж. 660 0