№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақтансаң, сақтайды!

Сақтансаң, сақтайды!


Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. 30 наурыз сағат 13.00-де coronavirus2020.kz сайты 302 қазақстандықтан COVID-19 анықталғанын жариялады. Оның ішінде, Қызылорда облысындағы бес адамнан вирустың белгілері белгілі болды. Бұл дегеніміз, сақтық шараларын қатаңдату керектігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты аудан әкімі Сұлтан Мақашов сала мамандарын жинап, штаб отырысын өткізді.

Оған «Nur Otan» партиясы аудан­дық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Мәжит Бал­қожаев, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, Ғалымжан Сопыбеков және Дархан Тұр­сын­баев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, кә­сіп­­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қар­жы­бек Бүркітбаев, Жаңақорған ау­дандық тауар­лармен көрсе­тілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарова, полиция бөлі­мінің бастығы Ғани Тұрсекеев қатысты. Сондай-ақ төтенше жағ­дайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров, аудандық ауру­хананың бас дәрігері Яхия Шорабаев, аудан әкімдігі аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов төбе көрсетті.
Аудан басшысы Сұлтан Мақа­шов сала басшыларының алдына бір­қатар мәселені қойды. Енді азық-түлік орындарынан басқа бірде-бір кәсіпкерлік нысан жұмыс істемеуі тиіс. Аудан тұрғындары масканы қолдануы міндетті. Той-томалақта жүрген­дерге айыппұл салынады. Такси қызметін тоқтату керек. Ең бастысы, медицина қызмет­керлерінің қауіпсіздігі үшін тиісті құрал-жабдықтармен қам­тамасыз ету маңызды.
Жауапты мамандар Түркіс­тан облы­сымен шектесетін тұста екі блок-пост қойылып, кезек­шілікпен арнайы мамандар жұмыс жасап жатқанын, сон­дай-ақ тұр­ғындарға сақтық шараларын насихаттау бағы­тындағы жұмыстарды рет-ретімен баяндады.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеевтің сөзінше, Бесарық және Көктебе ауылдық округіне жақын маңда блок-пост қойылды. Онда полиция қызметкері көлікті тоқтатса, дәрігерлер жолаушының тем­пе­ратурасын тексереді. Ал басқарма маманы жолаушының қайда баратыны жөнінде ақпарат алып, анкетаны оның тоқтайтын жеріндегі пунктке жолдайды.
Жаңақорған аудандық тауар­лар­мен көрсетілетін қызмет­тердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарова:

– Қызылорда қаласында коро­на­вирус анықталған екінші науқаспен қарым-қатынаста болған жаңақорғандық азаматты бақылауға алып, тексердік. Нәтижесінде одан да инфекция белгілері анықталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір онымен байланыста болған адамдарды тексерудеміз, – деді.

Қадірлі жерлестер, сақтансаң, сақ­таймын қағидасын ұстанып, сақтық шараларын күшейтетін кез келді. Оның ең тиімді жолы – қоғам­нан оқшаулану.
Қазір Италяида 97689 адамнан SARS-COV-2 (COVID-19) вирусы анықталып, оның 10779-ы қайтыс бол­ды. Италия коронавирустың та­биғи ошағы болмағанымен, адам өлімі бойынша әлемде бірін­ші орында тұр. Оның басты се­бебі – тәжтажалдан сақтануға нем­құрайлы қарап, сақтық ша­раларына мән бермеді.

Сабақ алайық, ойы озық оқырман!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
31 наурыз 2020 ж. 651 0